|
|
|
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мәселелерi (2012.01.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi; 4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық бөлімшелерінің және оның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. Мыналарға: ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлер комитетiнiң төрағасына бес орынбасары болуына; 2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат берілсiн. 5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 313 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.02.08. № 900 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жүйесiне басшылық етудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көліктегі аумақтық органдары, сондай-ақ Ішкі әскерлер комитеті, Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, Тергеу комитеті, Криминалдық полиция комитеті, Әкімшілік полиция комитеті, Көші-қон полициясы комитеті, Жол полициясы комитеті және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ведомстволары бар. ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. Министрліктің негізгі міндеттері қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, қылмысқа және есірткі бизнесіне қарсы күрес, есірткі мен қару-жарақ айналымын бақылауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындардың мәселелері бойынша мемлекеттік басқару, қылмыстық жазаларды орындау, қылмыстық-атқару жүйесіндегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, сотталғандардың түзелуін ұйымдастыру, күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталғандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, ішкі істер органдарының құзыретіне жататын қылмыстар туралы істер және заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу бойынша анықтауды жүзеге асыру болып табылады. 3. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық органдарында шоттары болады. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Министрлiкке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 5. Министрлiк өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi болатын бұйрықтар шығарады. ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Министрліктің штат санының лимитін оның аумақтық органдары мен мемлекеттік мекемелерінің санын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Министрліктің құрылымы мен штат санын Министрмен келісілгеннен кейін жауапты хатшы не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам бекітеді. ҚР Үкіметінің 2009.23.09. № 1431 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 010010, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1. 8. Министрлiктiң толық атауы - «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі» мемлекеттік мекемесi. 9. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 10. Министрлiктiң жалауы, туы және рәмiзi болады. 11. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Министрлiкке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлiкке кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға заңнамалық кесiмдермен құқық берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен 2-тарау жаңа редакцияда (12-тармақтың қолданысқа енетін мерзімін қара ) (бұр.ред.қара) 2. Министрліктің функциялары мен құқықтары
ҚР Үкіметінің 2009.17.03. № 348 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.09.03. № 184 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.30.06. № 736 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.03.12. № 1447 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.01.11. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді 12. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді; 2) қоғамдық тәртіпті сақтауды және қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған шаралар әзірлейді; 3) қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік бағдарламалар әзірлейді; 4) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне, мемлекеттік органдарға республикадағы қылмысқа қарсы күрестің, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жай-күйі туралы ақпарат береді; 5) мемлекеттік органдарды және өзге ұйымдардың қылмысқа, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы мен олардың теріс пайдаланылуына қарсы күрес, құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтау және жою мәселелері жөніндегі қызметін, сондай-ақ есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау арналарына тосқауыл қою, жол қозғалысы қауіпсіздігін, құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да іс-шараларды ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады; 6) халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды; 7) қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында және ішкі істер органдарының қарамағына жатқызылған өзге де мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады; 8) ішкі істер органдарының жүйесінде бірыңғай мемлекеттік кадрлық саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 9) криминалдық, әкімшілік полицияның және ішкі істер, Ішкі әскерлер органдарының, әскери-тергеу органдарының, әскери полицияның, Министрліктің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің өзге де қызметтерінің және көліктегі ішкі істер органдары бөліністерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады; 10) криминалдық, әкімшілік полицияның және полицияның өзге қызметтерінің, сондай-ақ Ішкі әскерлердің, әскери полицияның және әскери-тергеу органдарының, Министрліктің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің, көліктегі ішкі істер органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды; 11) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мен бөлімшелерінің, Ішкі әскерлерінің, әскери полициясының, әскери-тергеу органдарының қызметін үйлестіру мен ведомстволық бақылауды жүзеге асырады; 12) өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша жалпыреспубликалық және өңірлік жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларын өткізу бойынша ұйымдастыру басшылығын жүзеге асырады; 13) Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде төтенше және әскери жағдай енгізілген жағдайда, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде режимді қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 14) авария, өрт, табиғи апат салдарын жою кезінде және басқа да төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; 15) ішкі істер органдарында мемлекеттік құпияларды қорғауды, қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында құпиялық режимнің сақталуын ведомстволық бақылауды қамтамасыз етеді; 16) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар әзірлейді және бекітеді; 17) ішкі істер органдарының жүйесін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 18) режимдік және ерекше күзетілетін объектілерде полиция органдары бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз етеді; 19) азаматтарды бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға тарту тәртібін, нысандарын және түрлерін айқындайды; 20) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар үшін куәлік үлгісі мен эмблема белгісін бекітеді; 21) көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу мен есепке алу тәртібін, оларды пайдаланатын, соның ішінде сенімхатпен пайдаланатын адамдарды тіркеу және есепке алу, басқару құқығына емтихан қабылдау мен куәлік беру тәртібін айқындайды, көлік құралдарының жекелеген түрлерінің жол қозғалысына қатысуына рұқсат беруді жүргізеді және оларды басқару құқығын ұсынады; 22) мемлекеттік тіркеу нөмірлері белгілерінің, көлік құралдары мен тіркемелерді тіркеу туралы куәліктердің, жүргізуші куәліктерінің және көлік құралдары мен жүргізушілерге жол қозғалысына қатысуға рұқсат беруге қажетті басқа да арнайы өнім үлгілерін бекітеді; 23) көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау тәртібін айқындайды; 24) Министрлік жүйесінің өзіндік қауіпсіздігін, ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, олардың қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді; 25) ішкі істер органдарының және Ішкі әскерлердің арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне басшылықты жүзеге асырады; 26) арнайы және әскери тасымалдауларды ұйымдастырады; 27) ішкі істер органдарының жұмылдыру даярлығы, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, ішкі істер органдарының арнаулы бөлімшелерінің толық және уақтылы жұмылдыруға ұдайы дайындығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлейді; 28) қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында республикалық ақпараттық жүйені құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 29) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарына нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмекті және көмек көрсету кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдікті қамтамасыз етуді ұйымдастыруда жәрдем көрсетеді; 30) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы мен олардың теріс пайдаланылуына қарсы күрес саласындағы жұмысқа арналған мамандарды, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынатын және тұтынуға әуес адамдарды профилактикалауды, емдеуді, әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және үйлестіреді; 31) Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің Қазақстан Республикасы үшін халықаралық квоталар бекітуі үшін Қазақстан Республикасының есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға қажеттілік нормалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар береді; 32) аумақтық ішкі істер, Ішкі әскерлер органдары басшыларының және ұйым басшыларының кәсіби құзыретін аттестаттауды өткізеді; 33) ішкі істер органдарының жүйесі үшін кадр даярлауды және оқытуды ұйымдастырады; 34) лауазымдар санаты бойынша үлгі біліктілік талаптарын, ішкі істер органдары қызметкерлері мен қызметшілерінің жүктеме көлемінің нормативтерін бекітеді және олардың деңгейін айқындайды; 35) қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында ведомстволық ғылымды дамытуды қамтамасыз етеді және ғылыми қызметті үйлестіреді; 36) ішкі істер органдарында іс қағаздарының бірыңғай мемлекеттік жүйесінің қолданылуын қамтамасыз етеді; 37) ішкі істер органдарының қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етілуін, сондай-ақ олардың жарақталуын ұйымдастырады; 38) министрліктің соттағы, өзге де мемлекеттік органдардағы мүдделерін қорғауды және осы жұмысты жергілікті жерлерде үйлестіруді қамтамасыз етеді; 39) қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстарды болдырмау, жолын кесу және ашу, алдын ала тергеу мен анықтауды жүзеге асыру, көші-қон заңнамасын сақтау, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы, сондай-ақ олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілер бойынша күзет қызметін жүзеге асыру, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 40) қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бағдарламаларды іске асырады, сондай-ақ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес стратегиялары мен бағдарламаларын іске асырады; 41) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды, қылмысқа қарсы күресті, құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алуды жетілдіруге бағытталған, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша шараларды әзірлейді; 42) пана іздеген адамдардың және босқындардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді; 43) пана іздеген адамдарды және босқындарды тіркеуді жүзеге асырады; 44) жедел іздестіру және криминалистикалық қызметті жүзеге асырады; 45) ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстар бойынша алдын ала тергеу мен анықтауды жүзеге асырады; 46) құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу жөніндегі профилактикалық қызметті жүзеге асырады; 47) өз құзыретінің шегінде қылмыстарды анықтауды, болдырмауды, жолын кесуді, алдын алуды және ашуды ұйымдастырады және жүзеге асырады; 48) қылмыстарды ашу және қылмыскерлер мен олардың байланыстарын айқындау үшін ақпараттық-талдамалық қызметті пайдаланады; 49) қылмыс жасаған, анықтау, тергеу немесе сот органдарынан жасырынып жүрген, қылмыстық жазаларын өтеуден, әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды, борышкерлерді және өзге де адамдарды іздестіруді, танылмаған мәйіттерді сәйкестендіруді жүзеге асырады; 50) өз құзыретінің шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады; 51) заңнамаға сәйкес лицензиялар мен арнайы рұқсаттар беруді жүзеге асырады; 51-1) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының және ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша рұқсаттардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 52) лицензиаттардың қызметіне, оның ішінде олардың қойылатын біліктілік талаптарына сай келуіне бақылау жасауды жүзеге асырады; 52-1) күзет қызметін, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, орнатуды және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілердің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 53) сот ұйғарымдарын, сот қаулыларын, іздестіру, тергеу ісін жүргізу және заңда көзделген өзге де процессуалдық әрекет кезінде прокурордың, тергеушінің және анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындайды; 54) жаппай тәртіпсіздіктердің, оның ішінде түзеу мекемелерінде жолын кесуге қатысады; 55) арнайы есептерді қалыптастырады, жүргізеді; 56) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына, сондай-ақ олардың теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылға қатысты мәселелер бойынша бірыңғай деректер банкін қалыптастырады; 57) азаматтарды қабылдауды, азаматтардың, лауазымды адамдардың ауызша және жазбаша өтініштерін уақтылы және толық қарауды, олар бойынша шешімдер қабылдауды жүзеге асырады; 58) ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асырады; 59) қамаудағылар мен сотталғандарды айдауылдау мен күзетуді бақылауды жүзеге асырады; 60) ішкі істер органдары мен бөлімшелеріне бағыныстағылардың іс-әрекетін бақылауды жүзеге асырады; 61) заңнамада белгіленген тәртіппен қылмыс жасаған адамдарды ұстау бойынша жедел-іздестіру және қоршамалы іс-шаралар, операциялар жүргізеді, сондай-ақ оларды өзге де құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарының жүргізуіне және жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді; 62) қылмыс жасағаны немесе күдіктілігі бойынша ұсталғандар мен тұтқындалғандарды, белгілі тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұстауды, күдіктілер мен айыптыларды айдауылдауды, қылмыстық (әкімшілік) процесті жүргізуші органдардың оларға қатысты қаулыларының, ұйғарымдарының және үкімдерінің атқарылуын ұйымдастырады; 63) халықты құқықтық тәрбиелеу жөніндегі шараларды іске асырады, құқықтық тәртіп пен ішкі істер органдары қызметінің жай-күйі туралы қоғамдық пікірді зерделейді; 64) Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыруды, сәйкестендіру нөмірлері бар жеке куәліктері мен паспорттар дайындауды және беруді, азаматтарды есепке алу мен тіркеуді Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады; 65) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және азаматтықтан шығу бойынша материалдарды қарайды, оларды тіркеуді жүзеге асырады; 66) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарының тұрақты тұру үшін шетелге шығуын, шетелдік азаматтарға виза беруді ресімдеуді жүзеге асырады; 67) қорғалуы халықаралық шарттарға сәйкес мемлекетке жүктелген объектілердің күзетілуін қамтамасыз етеді; 68) режимдік, ерекше күзетілетін объектілерді және мемлекеттік күзетуге жататын объектілердің күзетілуін қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 69) тұрақты тұрмайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағына кіруге құқығы бар құжаттарды ресімдейді; 70) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, шекаралық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді; 71) Қазақстан Республикасының шекаралық аудандарындағы құқықтық тәртіп жағдайы, тұрғылықты жерлерін белгісіз жағдайда тастап кеткен адамдар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне қатысты заңға қайшы ниеті бар қылмыстық топтар мен адамдар туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне хабарлайды; 72) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мен оның режимін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде режимді бұзған адамдарды іздестіруге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында азаматтармен жасалған құқық бұзушылықтың жағдайларын анықтауға және тексеруге көмек көрсетеді; 73) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұсынысы бойынша шекара аймағында (жолағында) орналасқан жерлердің немесе объектілердің жекелеген учаскелеріне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, шекараны бұзушыларды шекаралық іздеу, қарулы шабуылға тосқауыл жасауда немесе Қазақстан Республикасының аумағына шекаралас мемлекет азаматтарының жаппай өту кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, оның ішінде босқындарға уақытша шектеу қояды немесе кіруге тыйым салады; 74) азаматтар мен лауазымды адамдар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін белгіленген Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету, болу және ол арқылы транзиттік өту ережелерін олардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 75) заңды тұлғалардың қызметін, оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін сақтауды, елімізде шетелдіктердің болуына виза беру бөлігінде бақылауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың шет елдерге шығуын шектеу және шетелдіктерді тұрақты тұруға қалдыру туралы шешімдер қабылдайды; 76) пана іздеген адамдарды және босқындарды уәкілетті органның қабылданған шешімдерін не соттың заңды күшіне енген шешімдерін орындау үшін мәжбүрлеп шығарып жіберуді жүзеге асырады; 77) ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде режимдік талаптардың сақталуын бақылауды ұйымдастырады; 78) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдану арқылы жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 79) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен: азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындыны; мыналарға: жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, әкелуге, әкетуге; заңды тұлғаларға: жарылғыш материалдарды сатып алуға, сақтауға; азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолдану арқылы жасалған бұйымдарды сақтауға;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |