«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 16 қарашада қабылданған Мемлекет басшысының Жарлығы мемлекеттік органдар аппараттарының жұмысын тұрақты және тиімді етуді, жауапты хатшылар институтын нығайту арқылы меритократия принципі негізінде мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы Жарлықты қабылдау кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөніндегі Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы басымдығы шеңберінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасын іске асырудың іс жүзіндегі қадамы болып табылады. Жарлық жауапты хатшы мен мемлекеттік орган басшысының өкілеттігін нақты межелейді. Аппараттың қызметі мен кәсіби жұмысын ұйымдастыру жауапты хатшының негізгі міндеті болады. Ол үшін оған қажетті өкілеттілік беріледі. Осылайша, жауапты хатшы кадр, қаржы, заңгерлік, әкімшілік, құжаттамалық, ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы құрылымдық бөлімшелер қызметіне, сондай-ақ орталық атқарушы органда мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі бірыңғай саясаттың іске асырылуына жетекшілік етеді. Мемлекеттік сатып алу саласында жауапты хатшының өкілеттіктері (мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын, конкурстық комиссияның құрамын және конкурстық құжаттаманы бекіту) сатып алуды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты болады. Жауапты хатшының өзі жүргізетін мемлекеттік сатып алу тиісті атқарушы органның қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша ғана жүзеге асырылады. Жарлыққа сәйкес жауапты хатшыға мемлекеттік орган басшысының міндетін, сондай-ақ жауапты хатшының міндеттерін мемлекеттік органның басшысына және оның орынбасарларына жүктеуге жол берілмейді. Жауапты хатшыға сәйкес келмейтін функциялар мен тапсырмалар беру мүмкіндігі болдырылмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|