Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында 2012/2013 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы (2012.21.09. берілген өзгерістермен)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ, арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2012/2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 640 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. 1-қосымшаға сәйкес жоғары оқу орындарында 2012/2013 оқу жылына магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналыстырылсын. 2. 2-қосымшаға сәйкес жоғары оқу орындарында 2012/2013 оқу жылына PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын. 3. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданған білім алушылар контингентіне сәйкес жоғары оқу орындарын қаржыландыруды жүзеге асырсын. 4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова) осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 329 бұйрығына 1-қосымша
2012/2013 оқу жылына магистрлерді даярлауға жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысты орналастыру
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|