|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызметін мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген аумақтық әділет органдары (бұдан әрі -уәкілетті органдар), сондай-ақ неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеуге электрондық өтініш беру бөлігінде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі -ЭЦҚ) болған ретте, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» www.e.gov.kz арқылы (бұдан әрі - портал) көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 220-237-баптарының, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 537-бабының және «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 7-бабының және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органдардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылған; 2) порталда; Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты call-центр телефоны (1414) арқылы да алуға болады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: 1) уәкілетті органда: неке қиюды (ерлі- зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу және неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты электрондық құжат нысанында немесе қағаз жеткізгіште беру болып табылады. Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізгеннен кейін мемлекеттік қызметті алушыға құжатты беретін өкілетті тұлғаның қолы қойылған, қағаз жеткізгіште енгізілген өзгерістер, толықтырулар мен түзетулермен жаңа куәлік (анықтаманы) не электрондық құжат нысанында немесе қағаз жеткізгіште қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі. 2) порталда: уәкілетті органның өкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған, электрондық құжат нысанында неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы электрондық өтініштің қабылданғаны туралы хабарламаны не электрондық құжат нысанында қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алу. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу некеге (ерлі-зайыптылықтыққа) тұруға ниет білдірушілердің уәкілетті органға өтініш берген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін жүргізіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді). Некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұрушы тұлғалардың бірлесе берген өтініші бойынша тиісті құжаттармен (дәрігерлік-біліктілік комиссияның жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа айрықша мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталатын дәлелді себептердің болуы кезінде (жүктілігі, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да айрықша мән-жайлар) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу орны бойынша уәкілетті органның бастығы бір ай өткенге дейін неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсат береді не мемлекеттік қызметті алушылардың не олардың бірінің берген жазбаша өтініші негізінде оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады. Айрықша мән-жайлар (жүктілігі, баланың тууы, тараптардың біріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайларда) болған кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырушы тұлғалардың ниеті бойынша неке қиюдың себебі мен оны растайтын құжаттарды көрсете отырып, өтініш берген күні жүргізіледі. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) салтанатты тіркеу рәсімінің ұзақтығы 20 минуттан аспауы тиіс. Неке қию туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың Орталық серверінде республика бойынша актілік жазбалардың электрондық нұсқасы болғанда, күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған кезде қарау мерзімі өтініш берушіге 2 жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. а) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; б) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды. Порталда - өтініштің қабылданғанының расталуы және неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні мен уақытының белгіленуі бөлігіндегі ақпарат бір жұмыс күні ішінде алуға болады. 8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік баж белгіленеді. Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген мөлшерде есептеледі және заңдық маңызы бар іс-қимылдар жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттарды берген орны бойынша төленеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін портал арқылы электрондық сұрау салынған жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы жүзеге асырылады. 9. Уәкілетті органның жұмыс істеу кестесі. Құжаттарды қабылдау сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезекке тұру тәртібімен ұсынылады. Порталдың жұмыс істеу кестесі - тәулік бойы. 10. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу рәсімі (салтанаты) ақысыз көрсетіледі және некеге тұрушы (ерлі-зайыпты болу) тұлғалардың ниеті бойынша салтанатты түрде жүргізіледі. Егер некеге (ерлі-зайыпты болу) тұрушы тұлғалар (олардың бірі) ауыр науқасы салдарынан немесе басқа да дәлелді себептер бойынша тіркеу органына келе алмайтын жағдайда, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу некеге (ерлі-зайыпты болу) отырушы тұлғалардың қатысуымен үйінде, медициналық немесе өзге ұйымдарда жүргізіледі. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде: мемлекеттік тіркеу азаматтарды қабылдау кабинеттері көзделген уәкілетті органның үй-жайында музыкалық сүйемелдеусіз және салтанатты ресімдеусіз жүргізіледі. Үй-жайда мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген. Қол жетімді жерлерде толтырылған бланкі үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) салтанатты түрде мемлекеттік тіркеген кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу уәкілетті органның арнайы жабдықталған үй-жайларында не неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеуді салтанатты жүргізу үшін қажетті атрибуттары (Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік ту), сондай-ақ музыкалық сүйемелдеуі (Ф. Мендельсонның «Той маршы») бар арнайы неке қиюға арналған мемлекеттік неке сарайларында жүргізіледі. Некені қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу рәсімін салтанатты түрде жүргізу кезінде коммерциялық ұйымдардың қатысуына жол берілмейді. Некеге (ерлі-зайыпты болу) отырушы тұлғалардың ниеті бойынша неке қию рәсімін уәкілетті органның қатысуынсыз коммерциялық ұйымдар жүргізе алады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға: неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу үшін: 1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті; 2) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжатты; 3) бұрынғы некелері туралы мәліметтерді; 4) бар балалары туралы мәліметтерді; 5) бір бірінің денсаулық жағдайы мен материалдық жағдайы туралы хабардар екендігі, сондай-ақ некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұруға кедергілердің жоқ екендігі туралы қолхатты ұсынады. шетелдіктер қосымша мыналарды: 6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын, Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік Қазақстан Республикасының ішкі істер органы берген Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ететін құжатын ұсынады; Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігін ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша болатын азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзі тұратын елдің құзыретті органдары берген және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген құжатын; 7) қажет болған жағдайда - азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының неке (ерлі-зайыптылыққа) қиюға рұқсат қағазын; 8) жеке басын куәландыратын құжатпен қатар оның мәтінінің қазақ немесе орыс тіліне аударылған нотариалды куәландырылған нұсқасын ұсынады. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеудің заңнамада белгіленген мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған жағдайда, мерзімді қысқарту немесе ұзарту негізін растайтын құжат қосымша ұсынылады. Егер неке қию жасына толмаған тұлғалар некеге (ерлі-зайыпты болу) отырса, некеге (ерлі-зайыпты болу) тұрушы тұлғалардың заңды өкілдерінің келісімі қосымша ұсынылады. Мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу куәліктерін, егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден қойылған ЭЦҚ-ларды электрондық құжаттар нысанында алады. Уәкілетті органның қызметкері құжаттардың төлнұсқалығының мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алған мәліметтерімен түпнұсқалылығын салыстырып тексеріп, содан кейін төлнұсқаларды мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыға қайтарады; неке қию туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін: 1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш; 2) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы куәлік, егер куәліктің төлнұсқасы жоғалған болса - неке қию (ерлі-зайыптылықты) туралы тіркеу анықтамасын; 3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар; 4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат; 5) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат ұсынылады. Куәліктің төлнұсқасы жоғалған жағдайда, (мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы өз түсініктемесінде бұл жөнінде көрсетуі тиіс) аумақтық әділет органдарының осы актілік жазбаның бар екендігі туралы анықтамасы жеткілікті болады. Порталда: 1) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; 2) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат. Мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден қойылған ЭЦҚ-ларды электрондық құжаттар нысанында алады. 12. Өтініштің үлгісі порталда, сондай-ақ Министрліктің интернет-ресурсында: www.minjust.kz («Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету» бөлімі «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты» кіші бөлімі) немесе уәкілетті органның күту залындағы арнайы тағандарда орналасқан. Порталға жүгінген кезде сұрау салуды электрондық құжат нысанында толтыру қажет. 13. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін құжаттар уәкілетті органның маманына тапсырылады, мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. Порталда электрондық сұрау салудың қабылдануы мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады. 14. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушыға: 1) сұрау салуды қабылдау күні; 2) қоса берілген құжаттардың саны; 3) құжаттарды беру күні мен уақыты; 4) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған маманның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат береді. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы есеп-хабарламасы жіберіледі. 15. Актілік жазба жасалынған тұлғалардың азаматтық хал актілері мемлекеттік тіркелгеннен кейін, құжатты берген уәкілетті орган бастығының қолы қойылған және елтаңбалы мөрмен бекітілген белгіленген үлгіде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы куәлікті беруді уәкілетті органның маманы мемлекеттік қызметті алушы өтінішпен келген кезде онда мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде жүзеге асырады. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушының көрсетілетін қызмет нәтижесі порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі. 16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. Тапсырылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда (оның ішінде міндетті жолдар толтырылмағанда), осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар берілген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыға жазбаша дәлелді бас тарту беріледі. Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды белгіленген мерзімде алуға өтініш білдірмесе, уәкілетті орган олардың сақталуын ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қамтамасыз етеді. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті алушы жазбаша түрде уәкілетті органнан, не порталдағы «жеке кабинетінен» электрондық құжат нысанында алады.
17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын өтеу кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
18. Мемлекеттік қызметті алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы және тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын осы мемлекеттік қызмет стандартын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның басшысының тиісті бұйрығымен бекітіледі.
20. Уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі түсіндірілуі және шағым арызды жазуға жәрдем көрсетілуі үшін мемлекеттік қызметті алушы мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органға жүгінеді. Мемлекеттік қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде шағым беру тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың телефоны (1414) бойынша алуға болады. 21. Уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушы өтінішті тиісті мемлекеттік органға порталдағы «виртуалды қабылдағыш» арқылы жібере алады. 22. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым уәкілетті органдар басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар. 23. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсетуін растайтын құжаттар қоса беріледі. 24. Шағымның қолма-қол, пошта арқылы түскенін растау оның уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері журналында тіркелуі болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады). Шағымды қарау қорытындысы туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады. Портал арқылы жүгінген кезде электрондық өтініш портал арқылы жіберілгеннен кейін «жеке кабинеттегі» мемлекеттік қызметті алушыға өтініштің мемлекеттік органда қаралуы барысында жаңаланып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүргізіледі. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz.
«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Өтініш «_____»______________ 20__ ж. тіркелді және журналда № _________________________________________________________ тіркелді. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу «______» ________________ 20___ жылына тағайындалды. Қолы _________________
НЕКЕГЕ ОТЫРУ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ БОЛУ) ТУРАЛЫ ӨТІНІШ
Неке қиюға кедергілер жоқ. Неке қиюды (ерлі-зайыптылық) тіркегеннен кейін мына текті алуды тілейміз күйеуі _______________________________________________________________________ жұбайы _____________________________________________________________________ Неке қию (ерлі-зайыпты болу) шарттары мен тәртібі таныстырылды. Болашақ ерлі-зайыптылар мен ата-аналар ретінде құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайларды жасырған үшін жауапкершілік туралы бізге ескертілді (ӘҚБтК-нің 376-бабы). Неке қиюды тіркеуді салтанатты/салтанатты емес жағдайда жүргізуді сұраймыз. (керек емесін сызып тастау) Некеге отырушылардың қолы: ЕР ________________________________________ (некеге дейінгі тегі) ӘЙЕЛ ____________________________________ (некеге дейінгі тегі) ______ ж. «____» ________ --------------------------------------------------------------------- (қиып алу сызығы) 20___ж. «______» _____________ _________ құжат қарауға қабылданды. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алушының Т.А.Ә. _____________________________________________________________________ Неке қиюды тіркеу туралы куәлікті алу үшін 20__ж «_____» ______ келу. Құжаттарды қабылдаған маманның Т.А.Ә.________________________________
_________________________________________ (тіркеуші органның атауы) _________________________________________ (өтініш берушінің аты, әкесінің аты, тегі) мекен-жайы: ________________________________________ жеке куәлік № __________________________ (нөмірі, кім және қашан берген)
ӨТІНІШ
Қызымның/ұлымның неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуіңізді сұраймыз __________________________________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты, тегі) __________________________________________________________________________________________ (туған күні) ___________________________________________________________________________________________ ____________________________ белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттігі себебімен азаматпен (азаматшамен) некеге отыру үшін ___________________________________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты, тегі) ___________________________________________________________________________________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |