«Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1279 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 1, 4-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егiп бағалауды жүзеге асыру қағидаларында: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткiзудi байқаудан өткiзушiлер тұқым өндiрушiлердiң облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына берген өтiнiмдерi бойынша жүргiзедi.»; 10-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «бiрiншi және кейiнгi көбейтiлген тұқым шаруашылығы егiстерiн - тұқым өндiрушi өкiлiнiң қатысуымен байқаудан өткiзушiлер жүргiзедi.»; 20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Тұқымдық бақылау кезiнде, оның ішінде даулы жағдайларда бақылау сынамаларын іріктеуді ұлттық стандарттарға сәйкес мемлекеттік тұқым инспекторы тұқым иесi өкiлiнің және сатып алушының қатысуымен жүргiзедi. Даулы жағдайларда бақылау сынамаларын іріктеуді сатып алушысыз жүргiзуге жол берiледi.»; 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «22. Тұқымдық бақылау кезiнде, оның ішінде даулы жағдайларда тұқым сапасын сараптау қолданыстағы ұлттық стандарттарға сәйкес жүргiзiледi.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|