|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 1160 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
«Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8 үй, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс заңды мекенжайы бойынша, сонымен қатар мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.e.licence.kz «E-лицензирование» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 30-бабы; 2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы; 3) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 15-бабы; 4) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы қаулысы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің www.minjust.kz интернет-ресурсында «Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты 8 (7172) 58-00-58 телефоны (Министрліктің Құқықтық ақпараттық қызметі) арқылы алуға болады; 2) порталда. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпарат call-центр телефоны (1414) арқылы да берілуі мүмкін. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі: электрондық құжат нысанында уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-сымен куәландырылған сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Лицензия электрондық нысанда беріледі. Мемлекеттік қызметті алушы немесе лицензиат лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш білдірген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және лицензиар-органның мөрімен және басшысының қолымен расталады. Лицензияны электрондық форматта беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, лицензия қағаз жеткізгіште беріледі. Лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиаттың лицензияның телнұсқаларын уәкілетті органда немесе порталда алуға құқығы бар. Егер лицензия қағаз жеткізгіште берілген болса, лицензиат телнұсқаны алмастан, оны өтініш бойынша электрондық форматқа аударуға құқылы. Лицензия жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтініш берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледі. Лицензиар өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқаларын береді. Егер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген жағдайда лицензияны қайта ресімдеу қажет. Қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың лицензияларды қайта ресімдеу кезінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растай отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге құқығы бар. 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) уәкілетті органға жүгінген кезде: мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында белгіленген лицензия беру үшін қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап он бес жұмыс күні ішінде; лицензияның телнұсқасын беру - өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні үшінде; лицензияны оны қайта ресімдеу жағдайында беру - өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні үшінде; мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды; мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды; 2) порталға жүгінген кезде: мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында белгіленген лицензия беру үшін қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап он бес жұмыс күні ішінде; лицензияны оны қайта ресімдеу жағдайында беру - өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні үшінде. 8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі. Мемлекетті қызметті көрсету үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексінің) 471-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін: 1) лицензия беру үшін - 6 айлық есептік көрсеткішті; 2) лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 100%; 3) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 10%, бірақ 4 АЕК-тен артық емес соманы құрайтын лицензиялық алым алынады. Лицензиялық алым төлемнің мөлшері мен күнін растайтын құжатты (түбіртекті) беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді. Сот сараптама қызметі саласында лицензия алу, лицензияны қайта ресімдеу үшін портал арқылы электрондық сұрау салынған жағдайда төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі. 1) уәкілетті органда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүргізіледі; 2) порталда - тәулік бойы. 10. Құжаттарды толтыру орны қажетті құжаттар тізбесімен және оларды толтыру үлгілерімен жабдықталған. Мемлекеттік қызметті беру үшін қажетті (құжатты толтыруға арналған орындар, күтуге арналған орындықтар қажетті құжаттардың тізімі бар стендтер және оларды толтыру үлгілерімен жабдықталады) құжаттарды әзірлеу және күту үшін жағдайлар жасалады. Уәкілетті органның ғимараты «Министрліктер үйі» мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қол жетімділігі үшін пандустармен жабдықтаған. Порталда -жеке кабинетінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы не оның өкілі (сенімхат бойынша) уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады: уәкілетті органға жүгінген кезде: лицензия алу үшін мемлекеттік қызметті алушы: 1) осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес, белгіленген нысандағы өтінішті; 2) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін; 3) мемлекеттік қызметті алушының салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін; 4) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін; 5) жоғары білім дипломның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін; 6) біліктілік емтихан тапсырғанын растайтын куәлігінің көшірмесін; 7) кемінде бес жыл сот-сараптамалық жұмыс стажын растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін; 8) республика бойынша мәліметтері көрсетіліп, тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген медициналық анықтамаларды; 9) республика бойынша мәліметтері көрсетіліп, тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқ екендігі туралы анықтаманы; 10) «Сот сараптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 қарашадағы № 1414 қаулысымен бекітілген сот сараптамасы өндірісі жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда көзделген арнайы жабдықтарды растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін ұсынады; лицензияның телнұсқасын алу үшін мемлекеттік қызметті алушы: 1) осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес, белгіленген нысандағы өтінішті; 2) жеке басты куәландыратын құжатты; 3) мемлекеттік қызметті алушының салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін; 4) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін ұсынады; лицензияны қайта ресімдеу үшін мемлекеттік қызметті алушы: 1) осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес, белгіленген нысандағы өтінішті; 2) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін; 3) мемлекеттік қызметті алушының салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін; 4) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін; 5) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін; 6) лицензияның түпнұсқасын (лицензиат қайта ресімделген лицензияны алу үшін бұрын берілген лицензияны қайтарады) ұсынады; порталға жүгінген кезде: мемлекеттік қызметті алушы лицензияны алу үшін: 1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды; 2) мемлекеттік қызметті алушының салық органында есепке тұрғаны туралы куәлік сканерленген көшірме ретінде қоса берілген электрондық сұрау салуды; 3) жоғары білім дипломның сканерленген көшірме ретінде қоса берілген электрондық сұрау салуды; 4) біліктілік емтихан тапсырғанын растайтын куәлігінің сканерленген көшірме ретінде қоса берілген электрондық сұрау салуды; 5) кемінде бес жыл сот-сарапшылық жұмыс стажын растайтын құжаттың сканерленген көшірме ретінде қоса берілген электрондық сұрау салуды; 6) «Сот сараптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 қарашадағы № 1414 қаулысымен бекітілген сот сараптамасы өндірісі жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда көзделген арнайы жабдықтарды растайтын құжаттың сканерленген көшірме ретінде қоса берілген электрондық сұрау салуды; 7) жеке басты куәландыратын құжатты; 8) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның ЭҮТШ арқылы төленгенін растайтын ақпаратты жібереді. Мемлекеттің электрондық ақпаратта көрсетілген осы стандарттың тармақтың 7) және 8)-тармақшаларында көрсетілген құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті тұлға ЭЦҚ-мен куәландырған (қойған) электрондық құжат нысанында алады; мемлекеттік қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін: 1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салуды; 2) мемлекеттік қызметті алушының салық органында есепке тұрғаны туралы куәлік сканерленген көшірме ретінде қоса берілген электрондық сұрау салуды; 3) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік сканерленген көшірме ретінде қоса берілген электрондық сұрау салуды; 4) жеке басты куәландыратын құжатты; 5) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның ЭҮТШ арқылы төленгенін растайтын ақпартты; 6) лицензияның мәліметі (www.elicense.kz порталда болған кезде) не сканерленген көшірме ретінде қоса берілген электрондық сұрау салуды жібереді. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған стандарттың осы тармағының 3), 4), 5) және 6) - тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді уәкілетті орган дербес портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырған (қойған) электрондық құжат нысанында алады. 12. Өтініш бланкілерін жауапты тұлға береді, сонымен қатар Әділет министрлігінің: www.minjust.kz интернет-ресурсында («Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету» бөлімінде), порталдың: www.e.licence.kz, www.e.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылады. 13. Қажетті құжаттардың толық тізбесі тіркеу үшін мына мекенжай бойынша тапсырылады: Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, Министрліктер үйі, 8 үй, 13 кіреберіс, 1021 кабинет, телефон: 8 (7172) 74-07-84. Порталға жүгінген кезде электрондық құжат нысанындағы сұрау салу мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу таңдалған мемлекеттік қызметке сәйкес автоматты түрде уәкілетті органның мекенжайына жіберіледі. 14. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғанын растау мемлекеттік қызметті алушыға құжаттарды қабылдаған уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің аты-жөні, күні мен уақыты көрсетілген тізбе болып табылады. Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі. 15. Уәкілетті органда сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру мемлекеттік қызметті алушының жеке өзіне немесе оның өкіліне тиісті түрде куәландырылған сенімхатты ұсынғанда жүзеге асырылады не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі. Порталға жүгінген кезде қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі. 16. Лицензия беруден бас тарту, егер: 1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынған; 2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленбеген; 3) мемлекеттік қызметті алушы біліктілік талаптарына сай келмеген; 4) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты оған сот-сараптамалық қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған; 5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот мемлекеттік қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушы құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактілері анықталған жағдайда уәкілетті орган аталған мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді. Егер уәкілетті орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға лицензияны бермеген не лицензияны беруден дәлелді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімдері өткен күннен бастап лицензия берілді деп есептеледі. Уәкілетті орган лицензияны беру мерзімдері өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызметті алушыға тиісті лицензияны беруге міндетті. Уәкілетті орган лицензияны бермеген жағдайда бес жұмыс күні өткеннен кейін лицензия алынды деп есептеледі, ал лицензияның өзі алынғанға дейін уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылған тізімдеменің көшірмесі лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырудың заңды екенін растайтын құжат болып табылады. Лицензия беруден бас тартылған кезде мемлекеттік қызмет алушыға лицензия беруге белгіленген мерзім ішінде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты порталда электрондық құжат нысанында «жеке кабинетінде» алады.
17. Уәкілетті орган қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты өтеу кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.
18. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшейді. 19. Министрліктің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.
20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағымды дайындауға көмектесуді уәкілетті орган кеңсесінің қызметкерлері жүзеге асырады, электрондық пошта мекенжайы: krs.opp@minjust.kz. Мемлекеттік қызметті алушы порталға жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты ақпарат-анықтамалық қызметтің call-центр телефоны (1414) арқылы алады. 21. Уәкілетті орган осы мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға жауапты болып табылады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына 1005 кабинетіне, электрондық пошта мекенжайы: krs.opp@minjust.kz, немесе жазбаша түрде мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде уәкілетті органның кеңсесіне жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі. 22. Мемлекеттік қызметті тікелей уәкілетті орган көрсетеді. Тиісінше қызмет көрсетілмеген жағдайда жазбаша түрдегі шағым өтініште көрсетілген мәселелерді шешу құзіретіне кіретін Министрліктің уәкілетті органының басшысы атына жіберіледі, электрондық пошта мекенжайы: krs.opp@minjust.kz, 1005-кабинет, жұмыс кестесі - жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері - сенбі, жексенбі және мейрам күндері. 23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді. 24. Шағым жеке тұлға үшін - аты, әкесінің аты, тегі, пошталық мекенжайы, заңды тұлға үшін - атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі, күні көрсетілетін еркін нысанда беріледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушы қол қояды не ЭЦҚ-пен расталады. Шағым берілгенде әрекетіне шағым жасалатын лауазымды тұлғаның лауазымы, аты-жөні, өтініш уәжі және талаптары көрсетіледі. 25. Қолма-қол қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалар өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Қабылданған шағым шағымдар мен өтініштерді есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады. Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, күні мен уақыты көрсетілген талон болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты уәкілетті органның лицензия және (немесе) лицензия қосымшаларын беруге жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысынан 720-кабинетте алады. Мемлекеттік қызметті алушыға шағым және өтінішті қарау нәтижелері жазбаша түрде хабарланады. Портал арқылы өзінің «жеке кабинетінен» электрондық өтініш жібергеннен кейін мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті мемлекеттік органда өңдеу барысында (табыс етілуі туралы белгі, тіркеу, орындау, қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту) жаңартылып отырылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады. Уәкілетті органның жауабы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес беріледі. 26. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы қосымша ақпаратты Министрліктің www.minjust.kz интернет-ресурсында «Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету» бөлімнен алуға болады.
жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
_____________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) _____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның толық аты-жөні, тегі, ЖСН деректемесі)
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________ (қызметтің түрі көрсетілсін) ______________________________________________________ жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын. Тұрғылықты жері _____________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжат: түрі _______________________, сериясы ______________, № ________________, __________________________ берген берілген күні _______________________________________________________ Банк шоты (егер бар болса) __________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) Қоса беріліп отырған құжаттар: ______________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ ________________________ _______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) 20__ жылғы _________________ Өтініш 20 __ жылғы __________________ қарауға қабылданды _____________________________________________________________________ (лицензиардың жауапты адамның қолы, аты-жөні)
жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
_____________________________________________________________________ (лицензиялау органының толық атауы) _____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның толық аты-жөні)
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________ қызметтің түрі көрсетілсін _________________________ жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеуді, лицензияның телнұсқасын беруді сұраймын. Қоса берілген құжаттар: _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _______________ ____________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты, тегі)
«___» _____________ 20__ ж.
Өтініш қарауға 20__ ж. «___» _____________ қабылданды _____________________________________________________________________ (лицензиялау органы жауапты тұлғасының қолы, аты, әкесінің аты, тегі)
жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәнi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |