ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекiтiлген
«Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттiк қызмет стандарты
«Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік қызметін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына, 568 - 571-баптарына сәйкес көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.salyk.kz , «Салықтық қызметтер» бөлімі, «Интерактивтік сервистер» бөлімінің «ҚҚС төлеушілер тізілімі» кіші бөлімі); 2) Орталықтың стенділерінде орналастырылады. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Call-орталықтың (8 (7172) 58-09-09) телефоны арқылы да берілуі мүмкін. 5. Орталықта көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті (бұдан әрі - ҚҚС куәлігі) беру, ҚҚС куәлігін ауыстыру не ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы, ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешімін беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет дара кәсіпкерлерге, резидент заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент еместерге (бұдан әрі - алушы) көрсетіледі. Мыналар: мемлекеттік мекемелер; резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|