ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекiтiлген
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі»
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік қызметін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына, 572, 573-баптарына сәйкес көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.salyk.kz, «Салықтық қызметтер» бөлімі); 2) Орталықтың стенділерінде орналастырылады. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Call-орталықтың (8 (7172) 58-09-09) телефоны арқылы да берілуі мүмкін. 5. Орталықта көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Электрондық құжаттармен алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімді (бұдан әрі - келісім) және электрондық цифрлық қолтаңбадан (ЭЦҚ) тұратын кiлтi бар контейнерлi ақпаратты электрондық тасығышты беру, келісімді қайта ресімдеу, ЭЦҚ ауыстыру немесе жою болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет салық төлеуші ретінде тіркеуден өткен жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және олардың құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі - алушы) көрсетіледі. 7. Орталықта мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою, келісімді қайта ресімдеу - алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды берген күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|