Инвестициялар туралы (2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейді, инвестацияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындайды, Қазакстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгілейді.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жинақтауыштар - жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын және Кеден одағының Комиссиясы жасаған тауарлардың тиісті тізбесіне енгізілген құрамдас бөліктер; 2) жұмыс бағдарламасы - инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн айқындайтын, инвестициялық келiсiмшартқа қосымша; 3) инвестициялар - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингi заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа), сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері; 4) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, инвестициялық келісімшарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган; 5) инвестициялық дау - инвестордың инвестициялық қызметiне байланысты инвесторлар мен мемлекеттiк органдар арасындағы шарттық мiндеттемелерден туындайтын дау; 6) инвестициялық жоба - концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған өндірісін қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенi; 7) инвестициялық келiсiмшарт - инвестицияларды жүзеге асыруға арналған, инвестициялық преференцияларды көздейтiн шарт; 8) инвестициялық қызмет - жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөнiндегi не кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi түзу немесе ұлғайту жөнiндегi, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері жөніндегі қызметi; 9) инвестициялық преференциялар - инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыруды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар; 10) инвестициялық стратегиялық жоба - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге енетін және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық ықпал етуге қабілетті инвестициялық жоба; 11) инвестор - Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар; 12) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысумен құрылған заңды тұлға; 13) мемлекеттiк заттай гранттар - Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру үшiн уақытша өтеусiз пайдалануға берiле отырып не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсыныла отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiлетiн мүлiк; 14) миноритарлық инвестор - дауыс беретін акциялардың он пайызынан аз (қатысушылар дауысының жалпы санының он пайызынан аз) мөлшерде инвестицияларды жүзеге асырған инвестор; 15) модельдiк келiсiмшарт - Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн және инвестициялық келiсiмшарттар жасасқан кезде пайдаланылатын үлгi келiсiмшарт; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16) технологиялық жабдық - инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар.
2-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік кұқықтық актілерінен тұрады. 2. Осы Заң: мемлекеттік бюджет қаражатынан инвестицияларды жүзеге асыруға; коммерциялық емес ұйымдарға, оның ішінде білім беру, қайырымдылық, ғылыми немесе діни мақсаттар үшін капитал салуға байланысты қатынастарды реттемейді. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының қолданылатын аясына қатысты қатынастарға осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының осындай заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. 4. Егер Казақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Зандағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 3-бап. Инвестициялық қызмет объектілері 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды коспағанда, инвесторлардың кәсіпкерлік қызметтің кез келген объектілері мен турлеріне инвестициялар салуды жүзеге асыруға құқығы бар. Инвесторлардың кәсіпкерлік қызметтің инвестициялар жүзеге асырылатын объектілері мен түрлеріне қатысты құқықтары мен міндеттері осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және тиісті шарттарда белгіленеді. 2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі негізге алына отырып, Қазақстан Республикасының заң актілерімен инвестициялық қызмет шектелетін немесе оған тыйым салынатын қызмет түрлері және (немесе) аумақтар белгіленуі мүмкін. 2-тарау. Инвестициялардың құқықтық режимі
4-бап. Қазақстан Республикасының аумағына инвесторлар қызметін құқықтық қорғау кепілдіктері 1. Инвестордың құқықтары мен мүдделері толық және сөзсіз қорғалады, ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен камтамасыз етіледі. 2. Инвестордың мемлекеттік органдардыц Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келмейтін актілер шығаруы салдарынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) салдарынан өзіне келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өткізуге құқығы бар. 3. Шарттарға өзгерістер тараптардың келісімі бойынша енгізілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасында жасалған шарттар талаптарының тұрақтылығына кепілдік береді. Бұл кепілдіктер: 1) импорттың, өндірістің, акцизделетін тауарлар өткізудің тәртібі мен талаптарын өзгертетін Қазақстан Республикасының заңдарындағы өзгерістерге және (немесе) Казақстан Республикасының халықаралық шарттарын күшіне енгізуге және (немесе) олардың өзгерістеріне; 2) ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтау мен имандылықты камтамасыз ету мақсатында Казақстан Республикасының заң актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қолданылмайды. 5-бап. Кірістерді пайдалану кепілдіктері Инвесторлар: 1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салыктарды және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдерді телегеннен кейін өзінің қызметінен алынған кірістерді өз қалауы бойынша пайдалануға; 2) Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде Кдзақстан Республикасының банктік және валюталық зандарына сәйкес ұлттық валютамен және (немесе) шетелдік валютамен банктік шоттар ашуға құқылы. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-бап. Мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты қызметінің жариялылығы және инвесторлардың инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету 1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының инвесторлардың мүдделерін қозғайтын ресми хабарлары және нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарияланады. 2. Миноритарлық инвесторларды қоса алғанда, инвесторлардың заңды тұлғаларды тіркеу туралы, олардың жарғылары туралы, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу туралы, берілген лицензиялар туралы ақпаратқа, сондай-ақ олардың инвестициялық қызметті жүзеге асыруымен байланысты коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген өзге де ақпаратқа еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7-бап. Мемлекеттік органдардың инвесторлар қызметін бақылауды жүзеге асыруы 1. Инвесторлардың қызметін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарымен осындай құқық берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 2. Инвесторлардың қызметін бақылауды жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
8-бап. Мемлекет меншігіне алу және реквизициялау кезіндегі инвесторлар құқықтарының кепілдіктері 1. Мемлекеттік мұқтаждар үшін инвестордың мүлкін мәжбүрлеп алып қоюға (мемлекет меншігіне алуға, реквизициялауға) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген ерекше жағдайларда жол беріледі. 2. Мемлекет меншігіне алынған кезде инвесторға Қазақстан Республикасы мемлекет меншігіне алу туралы Казақстан Республикасының заң актілерін шығару салдарынан оған келтірілген залалды толық көлемінде өтейді. 3. Инвестордың мүлкін реквизициялау оған мүліктің нарықтық құнын төлей отырып жүзеге асырылады. Мүліктің нарықтық құны Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалады. 4. Меншік иесіне реквизицияланған мүліктің құны өтелген бағаға ол сот тәртібімен дауласуы мүмкін. 5. Реквизициялаудың жүргізілуіне байланысты мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылған кезде инвестор сақталған мүліктің қайтарылуын талап етуге құқылы, бірақ бұл ретте мүлік құнының төмендеуінен болған ысырапты ескере отырып, өзі алған өтем сомасын қайтаруға міндетті. 1. Инвестициялық даулар келіссөздер жолымен, оның ішінде сарапшыларды тарта отырып не дауларды шешудің тараптармен бұрын келісілген рәсіміне сәйкес шешілуі мүмкін. 2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес инвестициялық дауларды шешу мүмкін болмаған жағдайда дауларды шешу Қазақстан Республикасынын халықаралық шарттары мен заң акгілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында, сондай-ақ тараптардың келісім-шарттарымен айқындалатын халықаралық төрелік соттарда жүргізіледі. 3. Инвестициялық дауларға жатпайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі. 10-бап. Инвестор құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы Егер шет мемлекет немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты берілген кепілдік (сақтандыру шарты) бойынша инвестордың пайдасына төлем жүргізетін болса және аталған инвестицияларға инвестордың құқықтары осы шет мемлекетке не ол уәкілдік берген мемлекеттік органға ауысатын болса (талаптар берілетін болса), Қазақстан Республикасында құқықтардың осылай ауысуы (талаптардың берілуі) инвестор Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған және (немесе) ол белгілі бір шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда ғана заңды деп танылады. 3-тарау. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау
11-бап. Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты 2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара) 1. Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты экономиканың дамуы үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау және осы заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, қазақстандық кадрлардың біліктiлiгiн арттыруға, соңдай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру болып табылады. 2. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестициялық преференциялар беру болып табылады. 1. Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды Кдзақстан Республикасының үкіметі белгілейтін уәкілетті орган жүзеге асырады. 2. Уәкілетті органның өз құзыреті шегінде және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының үкіметі белгілеген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен сарапшылар тартуға құқығы бар. 3. Уәкілетті органның қызметі Кдзақстан Республикасының үкіметі бекітетін Ережемен реттеледі. 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 13-бап. Инвестициялық преференциялардың түрлері Осы Заңға сәйкес уәкілетті органмен инвестициялық келісімшарт жасасу арқылы мынадай инвестициялық преференциялар: 1) 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) кеден баждарын салудан босату; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) мемлекеттік заттай гранттар; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен жер салығына және мүлік салығына жеңілдіктер; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғалар үшін өнеркәсіптік жеңілдіктер беріледі.
14-бап. Инвестициялық преференциялар беру тәртібі 2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Инвестициялық преференциялар қызметтің басым түрлерінің тізбесі бойынша экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышының сыныптары деңгейінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесі бойынша беріледі. 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Инвестициялық преференциялар инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасымен инвестициялық келiсiмшарт жасасу арқылы берiледi.
15-бап. Инвестициялық преференциялар беру талаптары Инвестициялық преференциялар: 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) инвестициялық қызмет экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышының сыныптары деңгейінде қызметтің басым түрлерінің тізбелеріне немесе инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесіне сәйкес болған; 2) 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) осы Заңның 19-бабында тiзбеленген, инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру үшiн өтінім берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының қаржылық, техникалық және ұйымдастырушылық мүмкiндiктерiнiң болуын растайтын қажеттi құжаттар табыс етiлген жағдайда берiледi.
16-бап. 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап жаңа редакцияда 17-бап. Кеден баждарын салудан босату 1. Инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Кеден одағының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты кезінде кеден баждарын салудан босатылады. 2. Технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кеден баждарын салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ инвестициялық келiсiмшарт тiркелген кезден бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге беріледі. 3. Технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты кезінде кеден баждарын салудан босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына тіркелген активтерге инвестицияларының көлеміне қарай және инвестициялық жоба экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышының сыныптары деңгейінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес келген жағдайда 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бұл қызметтің басым түрлерінің тізбесі жылына бір реттен артық қайта қаралмайды. Кеден баждарын салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ жұмыс бағдарламасы бойынша тіркелген активтерді пайдалануға енгізген күннен бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге беріледі. Егер жұмыс бағдарламасында екі немесе одан көп тіркелген активтерді пайдалануға енгізу көзделетін жағдайда, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды әкелуге кеден баждарын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша бірінші тіркелген актив пайдалануға енгізілген күннен бастап жүргізіледі. 4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешім туралы хабарламаны уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде кеден органына жібереді.
18-бап. Мемлекеттік заттай гранттар 2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мемлекеттiк заттай гранттарды осы Заңда белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган мемлекеттiк мүлiктi және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі тиiстi уәкілетті органдармен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз бередi. Уәкiлеттi органның шешiмi ұсынылған мемлекеттiк заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусіз беру үшін негiз болып табылады. Уәкiлеттi органның шешiмi инвестор мен уәкілетті орган арасында жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестор инвестициялық міндеттемелерін орындаған жағдайда, инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзiмi өткеннен кейін қабылданады. 2. Мемлекеттік заттай гранттар ретінде: жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтін және реттейтін аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары (жеңіл автокөлікті қоспағанда), өндірістік және шаруашылық саймандар берілуі мүмкін. 3. Мемлекеттік заттай гранттарды бағалау Қазакстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен олардың нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік заттай гранттын ен жоғарғы мөлшері Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тіркелген активтеріне салынатын инвестициялар келемінің отыз процентінен аспайды. Егер сұрау салынған мемлекеттік заттай гранттың бағаланған құны аталган ен жоғарғы мелшерден асьш түссе, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының сұрау салынған мұлікті онын бағаланған кұны мен мемлекеттік заттай гранттың ен жоғарғы мөлшері арасындағы айырманы телеп алуға құқығы бар.
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды 18-1-бап. Инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғалар (тұлға) үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен жер салығына және мүлік салығына жеңілдіктер 1. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын заңды тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен жер салығы және мүлік салығы бойынша жеңілдіктерге үміттене алады. 2. Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесіне енгізу үшін инвестициялық жоба қосылған құны жоғары (қайта жасалуы және қайта өңделуі анағұрлым жоғары) өнім өндіруге бағытталуға, басым қызмет түрлеріне сәйкес келуге, сондай-ақ мынадай критерийлердің біріне жауап беруге тиіс: 1) инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жоғары технологиялық өнімдерді өндіру қызметі түрлерінің тізбесіне кіретін өнімдерді өндіруге бағытталуға тиіс; 2) инвестициялық жоба бойынша инвестиция көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс. 3. Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды 18-2-бап. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғалар үшін өнеркәсіптік жеңілдіктер 1. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға өнеркәсіптік жеңілдіктер беру әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын заңды тұлғаның мынадай: 4) ғимараттар, құрылыстар сатып алуға (салуға) арналған шығын түрлері бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуді немесе төлеуді қамтиды. 2. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғалар үшін өнеркәсіптік жеңілдіктер беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 19-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімге қойылатын талаптар Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмдi уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша: 2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөрімен расталған көшiрмесi; 2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 2) 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) заңды тұлға жарғысының заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөрімен расталған көшiрмесi; 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары; 2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда 5) инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға жұмсалған шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөрімен расталған көшiрмелерi; |