Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (200.00-нысан) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 1997 жылғы 20 маусымдағы, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» (бұдан әрі - Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң) 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген. Қағидалар жеке табыс салығын, әлеуметтік салықтарды есептеуге, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына мiндетті зейнетақы жарналарының (бұдан әрі - мiндетті зейнетақы жарналары) сомаларын есептеуге, ұстауға (қоса есептеуге) және аударуға, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар (бұдан әрі - әлеуметтік аударымдар) сомаларын есептеуге және аударуға арналған жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|