Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша жыл сайын қосымша материалдық көмек көрсету туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының 2020 жылғы 5 тамыздағы № 530 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары бойынша қосымша материалдық көмек жыл сайын Қарағанды қаласының келесі санаттағы мұқтаж азаматтарына көрсетілсін: 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын; 2) Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, «Отан» орденімен және «Даңқ» орденінің І және II дәрежесімен марапатталған азаматтарға бір рет. 2. Қарағанды қаласының әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын. 3. Материалдық көмек көрсету шығындары «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 007 бағдарламасында қаралған қаражат есебінен қаржыландырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|