«2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 330 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV кодексінің 108-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1512 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ: 1. «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы кезекті IIIL сессиясының № 330 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4282 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 239-240 санында, облыстық «Кызылординские вести» газетінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 209-210 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) кірістер - 116 714 328 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 8 749 832 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 944 807 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 11 400 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 107 008 289 мың теңге;»; «2) шығындар - 120 530 360 мың теңге;»; аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|