ҚР Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 37 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 11 қарашадағы № 392 бұйрығына 2-қосымша
«Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару»
1. «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді. 2. «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, 955-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтатудан, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығарудан бас тарту туралы бұйрығын беру болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпарат Стандарттың 4-тармағында көрсетілген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|