Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы арқылы
Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі, 1993 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы халықаралық темір жол қатынасын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, қазақстан-түрікменстан мемлекеттік шекарасы арқылы жеке тұлғаларды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу тәртібін жетілдіру қажеттігін басшылыққа ала отырып, заңсыз көші-қонды, қарудың, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың және прекурсор контрабандасын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ індеттер мен эпизоотиялардың таралуының алдын алу жөнінде бірлескен және уақтылы шаралар қабылдау қажеттігін мойындай отырып, төмендегілер туралы келісті:
Қазақстан-түрікменстан мемлекеттік шекарасынан жеке тұлғалардың және көлік құралдарының өтуі үшін, сондай-ақ жүктер мен тауарларды өткізу мақсатында Тараптар мемлекеттік шекара арқылы Маңғыстау облысы Қарақиян ауданы Болашақ станциясында (Қазақстан Республикасы) - Серхетяка станциясы (Түрікменстан) халықаралық темір жол еткізу пунктін (бұдан әрі - өткізу пункті) орнатады.
Жеке тұлғаларды, көлік құралдарын, тауарларды шекаралық, кедендік және қажет болған жағдайда бақылаудың басқа да түрлері (бұдан әрі - бақылау) Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына және олар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес өткізу пунктінде жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|