Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының
Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі, Тараптар мемлекеттерінің арасындағы әскери ынтымақтастықты ілгерілету арқылы достық қарым-қатынастарды нығайтуға және одан әрі дамытуға үлес қосуға ниет білдіре отырып, әскери саладағы ынтымақтастықты дамытуға ниет білдіре отырып, өзара құрмет пен сенім негізінде ынтымақтастыққа ұмтылысты білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
1. Осы Меморандум шеңберінде Тараптар халықаралық құқық нормаларына және өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес мынадай салаларда ынтымақтасады: 4) армиядағы қоғамдық, мәдени және спорттық жұмыстар; 5) әскери-ғылыми қызмет және әскери тарих; 7) сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі шаралар; 8) ынтымақтастықтың Тараптар бірлесе айқындаған басқа да салалары. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ынтымақтастықтың нақты салаларын іске асыру мақсатында Тараптар жекелеген халықаралық шарттар жасасуы мүмкін.
Тараптар арасындағы ынтымақтастық мынадай нысандарда жүзеге асырылады: 1) Тараптар өкілдерінің ресми сапарлары; 2) Тараптар делегацияларының жұмыс кездесулері; 3) тәжірибе алмасу және консультациялар өткізу; 4) оқу жобаларына, тағылымдамаларға, біліктілікті арттыру курстарына қатысу; 5) әскери оқу-жаттығу өткізу кезінде бақылаушылардың қатысуы; 6) конференциялар мен семинарларға қатысу; 7) құжаттамамен және ғылыми еңбектермен алмасу; 8) концерттер, көрмелер, фестивальдар және басқа да мәдени іс-шаралар; 9) Тараптар айқындаған ынтымақтастықтың өзге де нысандары.
Мыналар осы Меморандумды іске асыру бойынша уәкілетті органдар болып табылады: Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|