«Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 728 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 572-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасында: 1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес қабылданған әрі аттестаттау жүргізудің және шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктер берудің тәртібін, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу тәртібін айқындайды. 2. Аттестаттау кезінде теориялық білімін тексеру, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық органдары) емтихан комиссияларының емтихан алуы жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша кеме жүргізушілеріне шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік (бұдан әрі - куәліктер) беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|