Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы
Осы редакция 2012 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 29) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысымен бекітілген
Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және шағын көлемді кемелерін және олар тұратын базаларға (құрылыстарға) (бұдан әрі - тұрақ-база) техникалық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидада мынадай ұғым пайдаланылады: шағын көлемді кемелерге арналған тұрақ - база (құрылыс) - құрылыстары және шекараларында шағын көлемді кемелер орналасатын және оған іргелес акваториясы бар жағалау аумағы.
2. Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау
3. Мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кемелерге техникалық қадағалау кеме кітабында жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|