Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен
ҚР 2014 жылғы 26 мамырдағы № 205-V Заңымен ратификацияланды 2014 жылғы 30 маусымда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, 1995 жылғы 10 ақпандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғанысының біріккен жүйесін құру туралы келісімді, 2005 жылғы 23 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғанысын дамыту және жетілдіру туралы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімін басшылыққа ала отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары Кеңесінің 2007 жылғы 5 қазандағы шешімімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын одан әрі дамыту тұжырымдамасына сәйкес, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді: «өңірдің сыртқы шекарасы» - Тараптардың өңір шегіндегі басқа мемлекеттермен шекаралары; «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесінің әскерлері (күштері)» - Тараптар қарулы күштерінің өңірдегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс міндеттерін шешуге тартылатын әскери басқару органдары, басқару пункттері (командалық пункттер), сондай-ақ бірлестіктері, құрамалары және әскери бөлімдері; «соғыс қаупінің үдеу кезеңі» - өңірдегі Тараптардың біріне қарулы шабуыл қаупі төнген және сақталатын уақыт аралығы; «өңір» - Орталық Азия ұжымдық қауіпсіздік өңірі аясы шегінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесінің әскерлері (күштері) қойылған міндеттерді орындайтын Тараптардың аумағы мен әуе кеңістігі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|