Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау әдістемесін бекіту туралы (2014.24.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 38 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 181 Бірлескен бұйрығымен 3-тармақты қоспағанда күші жойылды
«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 40-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау әдістемесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Инспекция және бақылау бөлімі (Ғ.Ә. Әди), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова): 1) осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар назарына жеткізсін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурстарына және Мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|