Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2012.07.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) тармақша 2009 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енді 1) ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде: 14-тармақта: үшінші, төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «туристік қызмет саласындағы өңіраралық және салааралық үйлестіруді, оның ішінде облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің туризмді дамыту бағдарламалары мен жоспарларын үйлестіру, туристік қызмет саласындағы меншік нысанына қарамастан отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдар мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасу; туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;»; жетінші абзац «қорытады» деген сөзден кейін «, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді» деген сөздермен толықтырылсын; он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;»; жиырма үшінші абзац алып тасталсын; мынадай мазмұндағы жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын: «туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесін бекітеді; туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерін бекітеді; туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін және туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру ережелерін бекітеді; техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, туристік қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметті реттейді; туризмді және туристік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын кешенді талдауды, болжамдауды жүзеге асырады және туристік саланы дамытудың жай-күйіне мониторинг жүргізеді; туристік саланы дамытуға үлес қосқан тұлғаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға және құрметті атақтарын беруге ұсынады; дербес құрамды және туризм жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлейді және бекіту үшін ұсынады;»; отызыншы абзац алып тасталсын; мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «туризмді және туристік индустрияны дамытудың стратегиясын, мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламаларын іске асыру;»; бесінші абзац алып тасталсын; тоғызыншы абзац «пен мемлекет ішінде» деген сөздерден кейін «, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелерді және жәрмеңкелерді өткізу жолымен» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын: «заңнамаға сәйкес сотқа талап-арыздар беру; туристік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаны қолдану; туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін және туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу; туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтерді лицензиялау бөлігінде туристік қызметті лицензиялау ережелерін облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің орындауын бақылауды жүзеге асыру; туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды орындау, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүддесін білдіру және олардың жұмысына қатысу; туристік нарықты зерттеуге, туристік қызмет саласындағы баспалық, жарнамалық және картографиялық өнімге мемлекеттік тапсырысты орналастыру.»; 3) тармақша 2009 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енді 3) «Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 481 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 210-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау ережесінде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Туроператорлық, турагенттік қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті жүзеге асырады, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялауды жеке немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу орны бойынша - облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдар (бұдан әрі - лицензиарлар) жүзеге асырады»; 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «7) (осы қаулыға қосымшаға сәйкес нысан бойынша) қызметкерлердің біліктілігі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетіле отырып, олардың қолдағысы мен саны туралы құжаттың түпнұсқасы және (немесе) туризм нұсқаушысы көрсететін қызметке лицензиясы бар туризм нұсқаушысымен жасалған шарт; 8) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер;»; 10) тармақша алып тасталсын; 11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартқа сәйкес әзірленген туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі; 12) туроператорлық қызмет үшін - меншікті немесе жалға алынған материалдық базасы болуын растайтын құжат және (немесе) туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметті ұсынатын тұлғалармен жасалатын шарттар;»; 13) тармақшадағы «және туристік қызмет көрсету жөніндегі қызметті көрсетуге» деген сөздер алып тасталсын; 15) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын: «16) туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм ңұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында: 1-тармақта: 1) тармақша «құрылтай құжаттарында» деген сөздердің алдында «заңды тұлғалар үшін -» деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақшада: «туристік қызмет көрсету саласында кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар,» деген сөздер алып тасталсын; «(гид-аудармашылардың)» деген сөздер мемлекеттік тілдегі мәтінде өзгеріссіз қалдырылсын; 4) тармақша алып тасталсын; 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартқа сәйкес әзірленген туристік қызмет көрсетуге арналған шарт үлгісінің; 6) туроператорлық қызмет үшін - меншікті немесе жалға алынған материалдық базасының және (немесе) туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметті ұсынатын тұлғалармен шартының;»; 7) тармақша алып тасталсын; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) туристік маршруттар мен соқпақтар тізілімінің;»; 11) тармақша алып тасталсын; 2-тармақта: 3) тармақшада «, кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар» деген сөздер алып тасталсын; 4) тармақша алып тасталсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартқа сәйкес әзірленген туристік қызмет көрсетуге арналған шарт үлгісінің;»; 6) тармақшада «және туристік қызмет жөніндегі қызмет көрсетуге» деген сөздер алып тасталсын; 7) және 9) тармақшалар алып тасталсын. 2. 2009 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) және 3) тармақшаларын қоспағаңда, осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қыркүйектегі № 879 қаулысына қосымша
Қызметкерлердің саны және болуы туралы құжат _______________________________ (өтініш берушінің атауы)
М.О. Басшының қолы |