ҚР Әділет министрінің 2014.30.01. № 34 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 389 бұйрығына 4-қосымша
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама беру»
1. «Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - қызмет) аумақтық әділет органдары Халыққа қызмет көрсету орталықтар (бұдан әрі - Орталық) арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-портал www.e.gov.kz (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы көрсетеді. 2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде жүзеге асырылады. 3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған. 4. Қызмет көрсету түрі: транзакциялық. 5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар: 1) жеке сәйкестендіру нөмір - жеке тұлға, соның ішінде қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - ЖСН); 2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі - заңды тұлға (филиал мен өкілдік) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - БСН); 3) қызмет алушы - электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға; 4) транзакциялық қызмет көрсету - электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін электрондық ақпараттық ресурстарды пайдланушыларға ұсыну жөніндегі қызмет; 5) «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырланған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметке қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|