ҚР Әділет министрінің 2014.30.01. № 36 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 389 бұйрығына 7-қосымша
1. «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» электрондық мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - қызмет беруші) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы баламалы негізде, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы (бұдан әрі - ЭҮП) көрсетеді. 2. «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі. 3. Қызметтің автоматтандырылу деңгейі: ішінара автоматтандырылған. 4. Қызмет көрсету түрі: транзакциялық. 5. Осы Регламентте қолданылатын ұғымдар: 1) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ); 2) «электрондық үкімет» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮП); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|