ҚР Әділет министрінің 2014.30.01. № 41 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 389 бұйрығына 13-қосымша
«Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
1. «Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) көрсетеді, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz арқылы көрсетіледі. 2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. 3. Қызмет автоматтандыру деңгейі: ішінара автоматтандырылған. 4. Қызмет көрсету түрі: транзакциялық. 5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар: 1) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ақпарат ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ); 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетудегі қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|