|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат): бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «азаматқа» деген сөз «жеке тұлғаға» деген сөздермен ауыстырылсын; ескерту мынадай редакцияда жазылсын: «Ескертулер. 1. Осы бапта iрi мөлшердегi табыс деп сомасы екi жүз мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс танылады. 2. Осы бапта iрi залал деп қылмыс жасалған кезде жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен бір мың есеге асатын сомада келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен он мың есеге асатын сомада келтiрiлген залал танылады.». 2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат): 484-баптың 3-тармағының екінші сөйлемі «болмаған» деген сөзден кейін «немесе уақытша бұзылған» деген сөздермен толықтырылсын. 3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; 2013 жылғы 22 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 24 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 2 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке басты куәландыратын құжаттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 147-4-баптың тақырыбы «Мемлекеттiк» деген сөзден кейін «, жергілікті атқарушы» деген сөздермен толықтырылсын; 565-2-баптың тақырыбы алып тасталсын; 2) 48-баптың бірінші бөлігінің тоғызыншы абзацындағы «монополистiк қызметті» деген сөздер «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 127-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы және екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «пайдакүнемдiк мақсатта» деген сөздер алып тасталсын; 4) 147 және 147-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «147-бап. Монополистiк қызмет 1. Нарық субъектiлерiнiң «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) бес пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Нарық субъектiлерiнiң «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiлген iс-әрекеттерi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) бес пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Нарық субъектiлерiнiң «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын терiс пайдалануы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) бес пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер - «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) он пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерiнiң кез келген нысанына әкеп соқтыра алатындай, әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестiруi - жеке тұлғаларға - екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет - жеке тұлғаларға - үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескерту. Судья бәсекелестiкке қарсы келiсiм немесе бәсекелестiкке қарсы келiсiлген iс-әрекеттер түрiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаған нарық субъектiсiн мынадай шарттарды жиынтықты сақтаған: 1) нарық субъектiсi монополияға қарсы органға бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттер туралы мәлiмдеген кезде монополияға қарсы орган басқа көздерден осы бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттер туралы ақпарат алмаған; 2) нарық субъектiсi бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттерге өзiнiң қатысуын тоқтату жөнiнде жедел шаралар қолданатын; 3) нарық субъектiсi мәлiмдеген кезден бастап бүкiл тергеу бойында бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттер фактiлерi туралы толық ақпаратты хабарлайтын; 4) нарық субъектiсiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттердi жасау салдарынан тұтынушыларға келтiрiлген залалды ерiктi түрде өтейтін кезде монополиялық табысын тәркiлеуден босатуы мүмкiн.»; «147-2-бап. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлану кезiндегі заңсыз iс-әрекеттерi 1. Егер монополияға қарсы орган келісімінің болуы қажет болған жағдайда, нарық субъектiлерiнің мұндай келісімді алмай-ақ экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешiмге негiз болған талаптар мен мiндеттемелердi орындамауы - жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Егер жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаның болуы қажет болған жағдайда, монополияға қарсы органға мұндай хабарламаны ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау - жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 5) 147-3-бап «орта кәсiпкерлiк субъектiлерi» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 147-4-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы «Мемлекеттiк» деген сөзден кейін «, жергілікті атқарушы» деген сөздермен толықтырылсын; 7) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «147-13 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздер «147-13» деген цифрлармен ауыстырылсын; 8) 565-баптың бірінші бөлігі «Кодекстiң» деген сөзден кейін «147-1 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын; 9) 565-2-бап алып тасталсын; 10) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында: отыз тоғызыншы абзац алып тасталсын; қырық үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бiрiншi бөлiгi), 147-13, 219-8 (екінші және үшінші бөліктері), 223 - 225, 225-1 (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356, 357-1-баптар);»; алпысыншы абзацтағы «(147-бап)» деген сөздер «(147, 147-1 (екінші бөлігі)-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 638-баптың бірінші бөлігіндегі «монополистiк қызметті» деген сөздер «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2013 жылғы 22 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 22 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 6 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 557-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын: «13) монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер бөлігінде береді.». 5. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж, № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат): 1) 3-бапта: 8) тармақшада: үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «көлемi жылына бір жүз елу мың текше метрге дейiн сумен жабдықтау және (немесе) су бұру;»; мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «көлемі мың вагон/км-ге дейін кірме жолдар саласындағы қызметтердi көрсететiн табиғи монополия субъектiсi;»; 13) тармақшадағы «, су шаруашылығы және кәрiз жүйелерiн беру және (немесе) тарату салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - электр энергиясы,» деген сөздер «беру және (немесе) тарату, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - электр энергиясы, жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік ысыраптары үшін - жылу энергиясы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 4-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «12) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың;»; 3) 6-баптың 1-3) тармақшасы «қарауына» деген сөзден кейін «уәкілетті орган белгілеген жағдайларда және тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 7-баптың бірінші бөлігінде: 2) тармақшадағы «реттеліп» деген сөз «осы бөліктің 2-3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеліп» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын: «2-3) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерін уәкілетті орган бекіткен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлері бойынша ұсынуға;»; 7-5) тармақша «осы ақпаратты» деген сөздерден кейін «табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында таратылатын» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 7-2-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі «мәлiметтердiң негiзiнде» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ реттелетін нарық субъектісі осы Заңның 7-3-бабының 3) және 3-1) тармақшаларында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайларда» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 7-3-баптың 1) тармақшасының алтыншы абзацындағы «кешiктiрмей беруге» деген сөздер «кешiктiрмей» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: «бағаның негізді болуына әсер ететін қажетті ақпаратты беруге;»; 7) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын: «12-1-бап. Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган: 1) табиғи монополияларды реттеу саласындағы және реттелетін нарықтардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді; 2) уәкілетті орган әзірлеген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін және мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субъектілерінің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді келіседі; 3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну үшін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін келіседі; 4) монополияға қарсы және уәкілетті органдардың осы Заңның 7-1-бабының 1-тармағында көзделмеген өнімдерді, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасына қосу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізетін ұсыныстарын келіседі; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады; 6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 8) 13-баптың 1-тармағында: 4) тармақша: «деңгейлерін» деген сөзден кейін «, сондай-ақ реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсететін қызметтеріне) бағаларды есептеу әдістемелерін» деген сөздермен толықтырылсын; «әзiрлейдi,» деген сөзден кейін «мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |