|
|
|
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 24 қазандағы № 316-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 наурыздағы № 287 қаулысымен бекітілген Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны белгілеу қағидаларының 8, 9-тармақтарына, 10-тармағының 3) тармақшасына және 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағалар ҚҚС есебімен мына мөлшерде белгіленсін: дизель отыны - 1 литр үшін 102 теңге; Аи - 80 - 1 литр үшін 89 теңге; Аи - 92 - 1 литр үшін 110 теңге. 2. «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 2 қазандағы № 249-НҚ бұйрығының күші жойылсын. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агентігінің Құбыржолдары және су кәрізі жүйелері саласындағы реттеу департаментінің, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агентігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының және Қазақстан Республикасы мұнай және газ және экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің назарына жеткізсін. 4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агентігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасы (Ж.Ж. Үйсінбаев) және Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі осы бұйрықты интернет-ресурстарына орналастырсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агентігі төрағасының орынбасары А.А. Алпысбаевқа және Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі Б.О. Ақшолақовқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |