Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Текст приложения 4 данного документа на казахском не сходится с этим же документом, опубликованным на русском языке - см. ответ Министра транспорта и коммуникаций РК от 11 октября 2011 года
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Қағида Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады және барлық жеке және заңды тұлғалар үшін меншік нысандарына қарамастан міндетті болып табылады. 3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар: багаж түбіртегі - осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша багажды автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын, сондай-ақ тасымалдаушының багажды сақтауға немесе тасымалдау үшін қабылдағанын растайтын құжат; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|