«Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1033 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 426 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1033 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 487-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесінде: 4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар мемлекет меншігі болып табылатын ескерткішті пайдалануға алу үшін уәкілетті органға осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады. 5. Уәкілетті орган жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды және өтініш берушіге қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды. 6. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган ескерткішті пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды не мынадай негіздер бойынша: 1) мәлімделген ескерткіш пайдалануда болса; 2) ескерткішті пайдаланудың мақсаты мен сипаты ескерткіштің жай-күйіне нұқсан келтіретін болса; 3) ескерткішті пайдаланудың мақсаттары оның бастапқы мақсатына сәйкес келмесе пайдалануға беруден бас тартады. 7. Уәкілетті орган ескерткішті пайдалануға беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, өтініш берушіге ескерткішті пайдалануға беруге келісу және ескерткішті пайдалануға беру туралы шарт жасасу туралы жазбаша хабарлама жібереді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|