ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 858 бұйрығына 1-қосымша
«Дәрігерді үйге шақырту» мемлекеттік қызметтің электрондық түрінің
1. Осы «Дәрігерді үйге шақыру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдардың (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) электрондық форматтағы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы дәрігерді (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практикалық дәрігер) үйге шақыру қызметін ұсынады. 2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысымен бекітілген «Дәрігерді үйге шақырту» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі. 3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматтандырылған дәрежесі: автоматтандырылған. 4. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету түрі: транзакциялық. 5. Осы регламентте пайдаланылатын ұғымдар және қысқартулар: 1) веб-сайт - бір мекенжайында (домен атауы немесе ІР-мекенжайы) компьютерлік желіде біріктірілген жеке тұлғаның немесе ұйымның жиынтықталған құжаттары; 2) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры - ақпаратты автоматты түрде жинастыруға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және мемлекеттік басқару органдарына және басқа субъектілерге өкілеттілігінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар туралы өзекті және нақты мәлімет ұсыну мақсатында Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құрастыру үшін арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЖТ МДҚ); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|