Халықаралық мектеп мәртебесін алу үшін білім беру ұйымдары ұсынған өтінімдерді қарау жөніндегі комиссияның ережесін және құрамы бекіту туралы (2021.09.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 207 қаулысымен бекітілген Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидаларының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Халықаралық мектеп мәртебесін алу үшін білім беру ұйымдары ұсынған өтінімдерді қарау жөніндегі комиссияның ережесі; 2) Халықаралық мектеп мәртебесін алу үшін білім беру ұйымдары ұсынған өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 102 бұйрығымен бекітілген
Халықаралық мектеп мәртебесін алу үшін білім беру ұйымдары ұсынған ережесі
1. Осы Халықаралық мектеп мәртебесін алу үшін білім беру ұйымдары ұсынған өтінімдерді қарау жөніндегі комиссияның ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 207 қаулысына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес әзірленген және Халықаралық мектеп мәртебесін алу үшін білім беру ұйымдары ұсынған өтінімдерді қарау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметі мен мақсаттарын анықтайды. 2. Өзінің қызметінде Комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік» туралы 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қағидалармен, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|