Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 26 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы алып тасталсын. 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 45-46, 538-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 792 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 335-құжат). 4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК
______________________________________________ (салық қызметі органының атауы)
Салық төлеушінің атауы «_________________________________________________» Тегі _____________________________________________ Аты _____________________________________________ Әкесінің аты ______________________________________
СТН __________________________________________________________________ ЖСН (БСН) ____________________________________________________________ Сериясы № _____________________________________________________________
Артқы беті
Жеке басын куәландыратын құжат __________________________________________ Орналасқан орны ________________________________________________________ Тіркелген күні ___________________________________________________________ Салық органының басшысы: ____________________________________________________ Т.А.Ә М.О. ____________________________________________________ Қолы Берілген күні ________________________________________
|