Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру туралы (2012.07.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен қосымшаның тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 15.06.04 ж. № 654 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.25.06. № 629 (бұр. ред. қара); 2006.05.09. № 839 (бұр.ред.қара); 2007.02.11. № 1029 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгерді; ҚР Үкіметінің 2012.07.08. № 1031 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысымен қосымша
Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның құрамы
Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен қосымшаның тақырыбы өзгертілді Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізу кезінде орталық және атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылды. 2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кеңесші-консультативтік орган болып табылады. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, өзге де нормативті құқықтық кесімдерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады. 3. Комиссияның негізгі міндеттері: 1) бассейндегі су шаруашылығы ахуалын және тиісті жылдың 15 наурызына дейін табиғат қорғайтын көктемгі өтемдік су ағынын жүргізу кестелерін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды уақытылы сарапшылық бағалау; ҚР Үкіметінің 2007.02.11. № 1029 қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) Ертіс су қоймалары құламасының табиғатты қорғайтын су ағызу кезеңінде қосымша өндірілетін электр энергиясын тарату жөнінде ұсыныстар дайындау; 3) табиғат қорғайтын су ағынын жүргізудің бекітілген кестелеріне сәйкес тұрақты мониторингті жүзеге асыру; 4) су ағынын жүргізу аяқталысымен Үкіметке қорытынды ақпарат ұсыну болып табылады. 3. Комиссияның құқықтары мен өкілеттіктері 4. Оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті материалдар мен ақпаратты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға. 5. Сараптамалар мен консультациялар өткізу үшін Комиссияның құзыретіне қатысты мәселелермен қызметі байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан мамандарды тартуға. 4. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметі 6. Комиссияны Төраға басқарады. ҚР Үкіметінің 2005.25.06. № 629 қаулысымен 6-1 тармағымен толықтырылды 6-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, ұсынымдарды дайындауды оның мүшесі болып табылатын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. 8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі. 9. Комиссияның шешімдері оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. |