|
|
|
I-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы (2013.01.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 655 Қаулысымен күші жойылды
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкметінің 2013.01.10. № 1039 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесі (бұдан әрі - ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылады; 1-1) баламалы жол: «РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана - Атбасар» учаскесі, «Көкшетау - Атбасар» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Атбасар - Зеренді» учаскесі», «Щучье - Зеренді» республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы жүріп өту жүзеге асырылуы мүмкін; 2) ақылы жолдың бастапқы пункті - 18+772 км, ақылы жолдың соңғы пункті - 230+250 км; 3) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі:
4) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы - І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері: автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр; алымдар алу пункттері жеріндегі автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,00 метр; алым алу пункттері жерінде жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені - кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған; автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта 6 белдеу; 5) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы - 211 км 478 метр; 6) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес айкындалады; 7) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі:
8) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі - 20 жыл деп белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамына «І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесін пайдалану үшін сенімгерлік басқаруға беруді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкметінің 2013.01.10. № 1039 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 429 қаулысына 1-қосымша
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем ставкалары
1. І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана - Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесі:
Кестесінің 9-бағаны 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді теңге
Ескертпе*. 1) тіркелмеген автокөлік құралдары - мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ және/ немесе ол туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы ІІМ тіркелген көліктің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жоқ автокөлік құралдары; 2) жергілікті көлік - бір аудан шегіннен тыс қозғалу кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік; 3) транзиттік көлік - жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік.
2-тармақ 2013 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді 2. Екі білікті жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүргені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін. 3. Ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өту үшін төлем ставкаларының 1-тармағы кестесінің 9-бағаны қолданысқа енгізілгенге дейін жүк көтергіштігі 15 тн. жоғары көп білікті жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелі, ершікті тартқыштар ақы төлеуді ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өту үшін төлем ставкаларының 1-тармағы кестесінің 8-бағанында белгіленген төлем ставкалары бойынша жүргізеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |