Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтауына жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 25 маусымдағы № 221 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 476 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 7-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Бекітілсін: 1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері; 2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде сақталуы бойынша тексеру парағының нысаны. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бірлескен бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын; 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Қырықбаевқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|