Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығына (Казақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 419-құжат; № 51, 673-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылган күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы мамырдың 6-ы.
№ 562
Президентінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 562 Жарлығына ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (бұдан әрі - Республикалық ұлан) - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 2. Республикалық ұлан өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|