Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы (2012.14.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1381 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
«Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1381 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1. Қоса берiліп отырған Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1381 қаулысымен тақырыбы мен кіріспесі өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесi
Осы Ереже «Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеудің және аударудың тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды.
1. Жалпы ережелер
Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдарды жинауды және мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушыдан - асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдi жүргiзетiн заңды тұлға. 2. Әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - әлеуметтік аударымдарды есептеудi және Қорға төлеудi жүзеге асыратын жұмыс беруші немесе өзін-өзi жұмыспен қамтыған адам. 3. Әлеуметтік аударымдар - Қорға төленетiн, заңда белгiленген мiндетті төлемдер. 4. Әлеуметтік аударымдар ставкасы - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсінің шамасына қарай пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Қорға төленетiн міндетті төлемдердiң тiркелген мөлшерi.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1381 қаулысымен 2 бөлімнің тақырыбы өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Әлеуметтік аударымдарды есептеудiң және аударудың тәртібі мен мерзiмi
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1381 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшiн төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу ай сайын жүргiзiледi. Бұл ретте, әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн ай сайынғы табыс тиiстi қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетiн ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 736 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Жұмыс берушi үшiн орындаған жұмысы, көрсеткен қызметi үшiн қызметкерге табыс түрiнде төленетiн оның шығыстары әлеуметтiк аударымдардың объектiсi болып табылады. Жұмыспен өзін өзі қамтыған адамдар үшін олардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде бір айдың ішінде алуға тиіс (алынған) кірістерінен тұратын жиынтық табысы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады. ҚР Үкіметінің 2005.31.05. № 533 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2005.30.06 № 662 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2007.24.08 № 736 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1381 қаулысымен (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.18.11. № 1068 қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.14.09. № 1196 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7. Жұмыс берушiнiң қызметкерге кiрiстер түрiнде төленетiн шығыстарын есептеу, әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар, iшкi iстер органдары, қаржы полициясы және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң ақшалай үлестерiн жұмыс берушiнiң қызметкерлерге кiрiс түрiнде төлейтiн шығыстарына қоса отырып, Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде (бұдан әрi - Салық кодексi) көзделген тәртiппен жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 2005.31.05. № 533 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1347 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 8. Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11), 12) тармақшаларында, 156-бабы 1-тармағының 12), 18), 24), 30), 32) тармақшаларында және 357-бабы 3-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында белгіленген кірістерден Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейді. ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1381 қаулысымен (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1347 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 9-тармақ өзгертілді 9. Қорға міндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн төлеуге жататын әлеуметтiк аударымдар: 2005 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң 1,5 пайызы; 2006 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң 2 пайызы; 2007 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнiң 3 пайызы; 2009 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4 пайызы; 2010 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы; Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимi қолданылатын, жұмыспен өзін өзi қамтыған адамдар үшін, олардың өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi: 2005 жылдың 1 қаңтарынан - тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетiн ең төмен жалақының 1,5 пайызын; 2006 жылдың 1 қаңтарынан - тиiстi қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленетiн ең төмен жалақының 2 пайызын; 2007 жылдың 1 қаңтарынан - тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төмен жалақының 3 пайызын; 2009 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 пайыз, бірақ тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төмен жалақының кемінде 4 пайызын; 2010 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы, бірақ тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген ең төмен жалақының кемінде 5 пайызын құрайды. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін әлеуметтік аударымдардың ең жоғары мөлшері есепті кезеңде есептелген әлеуметтік салық сомасынан аспауға тиіс. ҚР Үкіметінің 2004.31.12 № 1449 Қаулыcымен; 2005.31.05. № 533 Қаулыcымен; 2007.24.08 № 736 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1347 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 10-тармақ өзгертілді 10. Төлеушiлер әлеуметтiк аударымдарды Қорға Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрi Орталық) арқылы есептi айдан кейiнгi айдың 25 күнiнен кешіктiрмей, олар үшiн аударымдар жүргiзiлетiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн қосып, өздерiнiң банктік шоттарынан қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен төлейдi. Төлеушiлердiң әлеуметтiк аударымдарды банкке қолма-қол ақша нысанында енгiзуi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады. Арнайы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермерлік қожалықтар, арнайы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданатын шағын бизнес субъектілері, арнайы салық режимін патент негізінде қолданатын жеке кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде төлейді. ҚР Үкіметінің 2007.24.08 № 736 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2007.30.04. № 352 Қаулысымен (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 11-тармақ өзгертілді 11. Олар үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмi әрбiр жеке адам бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН), салық төлеушінің тіркеу нөмірін (бұдан әрі - СТН); тегiн, атын, әкесiнiң атын; туған жылын; әлеуметтік аударым сомасын; әлеуметтiк аударымдар төленетiн кезеңін (жылын, айын немесе айларын) қамтуы тиiс. Егер тегi, аты, әкесiнің аты өзгерген болса, онда бұрынғы тегi, аты, әкесiнiң аты қатар көрсетіледi. ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 12. Орталық әлеуметтiк аударымдардың есебiн олар үшiн аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ЖСН базасында жүзеге асырады. 13. Банктердiң Орталыққа ақшаны аударуы олар үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмiн қосып, MT-102 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады. Төлеушiнiң банкi әлеуметтiк төлемдердi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы аударған жағдайда төлеушi банкке қағаз жеткiзгiштегi төлем тапсырмасының төртiншi данасын қосымша ұсынады, оны төлеушiнiң банкi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық (аумақтық) филиалдарына жібередi. ҚР Үкіметінің 2007.24.08 № 736 Қаулысымен 14 -тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 14. Төлеушілер берешектердi аударуды олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн қосып, MT-102 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен кезең (жыл, ай немесе айлар) үшін жүргізедi. 15. Банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдар сомасын Орталықтың шотына осы сома төлеушiнiң банктік шотынан есептен шығарылған күнi аударады. ҚР Үкіметінің 2004.31.12 № 1449 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді 16. Орталықтың шотына түскен әлеуметтік аударымдардың сомасы үш банктік күн iшiнде MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен Қордың шотына аударылады. ҚР Үкіметінің 2005.31.05. № 533 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1347 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 17-тармақ өзгертілді 17. Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде салық органдары төлеушiге мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн салық органына ұсыну туралы хабарламаны осы Ереженiң 11-тармағына сәйкес жолдайды. Хабарламаның нысанын мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелерiн орындауға салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлетті орган белгілейдi. Төлеушілер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынады. ҚР Үкіметінің 2005.31.05. № 533 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.24.08 № 736 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.31.12 № 1347 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 18-тармақ өзгертілді 18. Салық органы төлеушiлерден міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн алған кезде әлеуметтік төлемдер бойынша қалыптасқан берешектi кейiннен Қорға аудару үшін көрсетiлген тiзiмдердi қоса бере отырып, төлеушiлердiң банктiк шоттарына инкассалық өкiмдер бередi. Төлеушiнiң банктік шоттарында теңгемен ақша болмаған жағдайда, міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндiріп алу салық органдары ұлттық валютамен берген инкассалық өкімдер негізiнде төлеушінiң банктiк шоттарынан шетелдiк валютада жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2005.31.05. № 533 Қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.11.03. № 178 қаулысымен 18-1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1347 Қаулысымен 18-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 18-1. Төлеуші оларға әлеуметтік аударымдар жүргізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімде ұсынбаған жағдайда, салық органдарының өкімі бойынша банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушілердің банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешегін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті. Салық органының банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру өкімінің күшін шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұру себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды. ҚР Үкіметінің 2005.31.05. № 533 Қаулысымен 18-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1347 Қаулысымен 18-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 18-2. Төлеушінің банктік шоттары болмаған немесе төлеушінің банктік шоттарындағы ақша жеткіліксіз болған жағдайда салық органы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады. ҚР Үкіметінің 2007.24.08 № 736 Қаулысымен 19 -тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 19. Төлеушi әлеуметтік аударымдарды Қорға уақтылы төлемегенi үшiн өсiмақы сомасын төлеу үшiн «төлем нысанасы» жолында -» кезең (жыл, ай немесе айлар) үшiн әлеуметтiк аударымдарды уақтылы төлемегенi үшін өсiмақыны» көрсете отырып, банкке төлем тапсырмасын ұсынады. ҚР Үкіметінің 2007.24.08 № 736 Қаулысымен 20 -тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 20. Төлеушілер уақтылы төлемеген өсімақы кезең (жыл, ай немесе айлар) MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен төленедi. 21. Орталық өсiмақы сомасы түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде ақшаны Қордың шотына MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен аударады. 22. Төлеушiнің Қорға артық төлеген әлеуметтiк аударымдардың сомасын қайтаруды Қор төлеушiнің өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi, егер сома төлеушi банкiнің кiнәсiнен артық (шоттан екi немесе одан да көп рет алынған) аударылған болса, онда қайтару төлеушi банкінің өтiнiшi негiзiнде жүргiзіледi. 23. Қордың шотына артық аударылған: төлеушi немесе төлеушiнiң банкi бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмасы негiзiнде екi немесе одан да көп рет төлеген әлеуметтік аударымдар; MT-102 төлем тапсырмасы форматында, оның тiзiм бөлiгіндегі қатысушылардың сомасында қателер жiберiлген: жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған кiрiске артық есептелген, алушылар қайтаруға жататын; мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар төзiміндегі есептiк және механикалық қателер; жұмыс iстеп жүрген зейнеткерлер үшiн артық төленген әлеуметтік аударымдар қайтаруға жатады. 24. Қатысушының кiрiсiне салық салуға жатпайтын төлемдердiң жекелеген түрлерінiң қосылуына байланысты, артық төленген әлеуметтік аударымдардың сомасын төлеушi кейiнгi төлемдердi реттеу жолымен дербес түзейдi. Әлеуметтік төлемдердi тағайындау кезiнде қатысу стажына есепке алынған кезеңге есептелген, артық төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды. ҚР Үкіметінің 2005.31.05. № 533 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.28.08. № 1272 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2007.30.04. № 352 Қаулысымен (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 25-тармақ өзгертілді 25. Қорға аударылған, төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар сомасын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша артық төленген әлеуметтiк аударымдарды қайтаруға өтінiштi төлеушi (төлеушінің банкi) Орталықтың құрылымдық (аудандық /қалалық) бөлiмшесiне бередi; олар үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесi қатысушылардың тiзiмдерiнде қате кеткен жағдайда өтiнiшке осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтама-растама қоса беріледi; мiндеттi әлеуметтік аударымдар төлеудi қолма қол ақшамен жүзеге асыратын төлеушiлер анықтама-растамаға әлеуметтiк аударымдарды төлеу туралы төлем құжатының көшiрмесiн қоса бередi; Орталық үш банктік күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың есептелу фактісiн тексередi, осы төлем жөніндегі барлық деректемелердiң растамасын қоса отырып, Қорға өтiнiш жiберіледi; Қор өтiнiшті өңдегеннен кейiн, MT-100 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен оларды төлеушiге аудару үшiн, ақшаны он банктік күн iшiнде Орталықтың шотына аударуды жүзеге асырады. Қор төлеушiнiң банктiк деректемелерiн, қатысушылардың тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, төлеушілердiң тiзілiмi мен олар бойынша қайтару сомаларын сол күнi Орталыққа жiбередi. Қор себебiн көрсете отырып, қайтаруға жатпайтын сома бойынша бас тарту туралы шешiмдi Орталыққа жiбередi; Орталық Қор тiзiлiмiнiң негiзiнде MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын үш банктiк күн iшiнде төлеушiге аударады; төлеушi әлеуметтік аударымдар сомасын қайтарудан бас тарту себебi туралы ақпаратты Орталықтың бөлiмшелерi арқылы алады; Орталық қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған соманы есептен шығарады; Орталық артық есептелген соманы қайтарғаннан кейiн шешiмнiң орындалғаны туралы Қорды хабардар етедi; Орталық пен Қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдарды және өсiмақыны, сондай-ақ Қордан қайтарымдарды аударуға салыстырып тексеру жүргiзіледi; Орталық күн сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жеке сәйкестендіру нөмірлері тұрғысынан өткен күн iшiнде келiп түскен тiзілiмдердi және қайтарылған қате есептелген әлеуметтік аударымдардың тiзiлiмдерiн, сондай-ақ электрондық растауды ұсынады. 26. Төлеушiге қызмет көрсететiн банк электрондық төлем тапсырмаларын ресiмдеу кезінде қате жiберген жағдайда, банк «Төлемдер және ақша аударымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жiберілген қателердi түзету жөнiнде шаралар қабылдайды. 27. Қор келіп түскен және қайтарылған артық аударылған әлеуметтік аударымдардың есебiн жүргiзедi. ҚР Үкіметінің 2005.31.05. № 533 Қаулысымен 28-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1347 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 28. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан жерi бойынша салық органына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар бойынша есептердi ұсынады. 29. Орталық күн сайын, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша, өткен күн үшiн келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың тiзiлiмдерiн ұсынады. 30. Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар туралы, оның iшiнде электронды немесе қағаз жеткізгіштегі қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi. Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледi. ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.31.05. № 533 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2007.24.08 № 736 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2007.29.12 № 1381 қаулысымен (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-қосымша өзгертілді Әлеуметтiк аударымдарды Есептеу және аудару ережесіне 1-қосымша
«Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының басшысына Өтiнiш __________________________________________________________________ (әлеуметтiк аударымдар төлеушiнiң немесе төлеушi банктiң атауы) »__»_____________ № _________________________ төлем тапсырмасымен ____________________________________________________________ атына (мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың Т.А.Ә., ЖСН , СТН көрсетiлсiн) аударылған қате (артық) есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын қайтаруыңызды сұраймын, референс, жалпы сомасы ______, қайтару сомасы Кейiннен төлемдермен түзету енгізу ____________________________________________ __________________________________________________________________ (қайтарым талап етiлетiн себеп көрсетiлсiн, мысалы, қызметкер жұмыстан босатылса, механикалық қате жiберiлсе, банк қате жiберсе және т.б.) салдарынан мүмкiн емес. Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз: __________________________________________________________________ (кәсiпорынның толық деректерi, барлық банктік деректемелерi көрсетiледi) Қосымшалар: төлем тапсырмасының көшiрмесi, сомасы мен деректемелерiнде қате жiберілген, мiндеттi әлеуметтік сақтандыруға қатысушылар тiзiмiнің көшiрмесi, жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшiрмесi. Қолдар: Басшы Бас бухгалтер M.O. Ескерту: өтініш бланкіде толтырылып, мөртаңбамен расталады ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.31.05. № 533 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.24.08 № 736 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 2-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1381 қаулысымен (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-қосымша өзгертілді Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесіне
2-қосымша Растау анықтамасы
кестенің жалғасы
Мөр орны
|