|
|
|
Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 601 қаулысымен бекітілген
Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптар
1. Туу туралы куәлік бланкісінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленуге тиіс. 2. Туу туралы куәлік бланкісінде екіжақты мөр болады. Туу туралы куәлік бланкісі қазақтың оюлары, өрнектері қолданылып жасалған (ауданының кемінде 30 %-ы) жиекті рамкадан және тангерлік тордан тұрады. 3. Міндетті қорғаныш элементі ретінде биіктігі 250 мкм-ден аспайтын микрошрифт, сондай-ақ гильоштық элементтер пайдаланылады. Графикалық элементтерде сызықтықтан (штрихтік) басқа бейнелік құрылымдар болмайды. 4. Туу туралы куәлік бланкісі түпнұсқа сутамғы белгісі, арнайы қорғаныш дақтары бар, ақтығы 94-96 %, құрамында мақта немесе зығыр талшығының мөлшері жоғары сапалы қағазда жасалады, тығыздығы - 100-120 г/м2. Бейнелілігі - мөрдің әр жағында кем дегенде 4 бояу пайдаланылады. Бұл ретте температураның әсерінен өзінің түсі мен қанықтығын өзгертпейтін, түрлі түсті көшірмелеуге кедергі келтіретін пастельді қоспалары бар бояулар пайдаланылуы қажет. 5. Туу туралы куәлік бланкісінде қатты мұқаба және сыртында атауы жазылған бумвинилді қаптама болуы, біржақты мөрі бар жапсырылған қосымша парақ болуы тиіс. 6. Туу туралы куәлік бланкісінде жеті мәнді нөмір болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |