«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 592 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде): «Екі ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар» деген бөлімде: 1-санат «Материалдар, химикаттар, «микроорганизмдер» мен уыттар деген кіші бөлімде: мынадай мазмұндағы 1А301-бөлікпен толықтырылсын: «1А301. Уыттарды немесе патогенді микроағзаларды кептіруді қамтамасыз ететін тозаңдату құрғатқышына арналған және мынадай сипаттамалары бар құрал-жабдық: 1) буланған ылғалдылық бойынша өнімділігі 0,4 кг/сағ 400 кг/сағ дейін; 2) орташа типтік өлшемі 10 мкм және штаттық жарақтандырудан кем емес өнімнің бөлшектерін өндіруге немесе тозаңдатқыш саптамасы бар құрғатқыштың ең аз түрлендіру кезінде бөлшектердің қажетті өлшемін өндіруге мүмкіндік беретін қабілеті; 3) алдын ала бөлшектемей зарарсыздандыру немесе дезинфекциялау мүмкіндігі.»; 1С350 «Мыналар секілді токсинді химиялық заттарды жасау үшін пайдалануы мүмкін» деген бөлік мынадай мазмұндағы 60, 61, 62, 63-тармақтармен толықтырылсын: «60. Метилфосфон қышқылы (993-13-5); 61. Диэтил метилфосфаты (683-08-9); 62. N,N-диметиламинофосфорил дихлориды (677-43-0); 63. Триизопропил фосфиты (116-17-6).»; мынадай мазмұндағы техникалық ескертпемен толықтырылсын: «Техникалық ескертпе: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|