Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы (2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңмен этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы субъектілері қызметін мемлекеттік реттеу және жүзеге асыру процестерінде туындайтын қатынастар реттеледі. 10.03.04 ж. № 534-11 (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңдарымен 1-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-бап. Негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) алкоголь өнімі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді қоспағанда, тағамдық шикізаттан және (немесе) құрамында спирті бар тамақ өнімінен этил спирті пайдаланылып өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым проценттен астам болатын тамақ өнімі; 2) айналым - экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу; 3) көтерме саудада өткізу - уәкілетті орган бекіткен құжаттарға сәйкес алкоголь өнімін қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде шығару; 4) бөлшек саудада өткізу - алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) жабдықталған сауда залы бар және фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақталған стационарлық үй-жайларда, сондай-ақ стационарлық үй-жайлардың жанындағы жазғы алаңшаларда тұтыну немесе коммерциялық емес мақсатқа пайдалану үшін сату; 5) этил спиртi - спирт ашытқыларын айыру немесе дәннен, картоптан, қант қызылшасынан, қант шикiзаты сiрнесiнен және басқа да қантты-крахмалды тағамдық өсiмдiк шикiзатынан өндiрiлетiн этил спиртi шикiзатын тазарту жолымен, шарап материалынан төте немесе екі мәрте айдап айыру жолымен және тағамдық емес шикiзаттан өзге де жолмен алынатын өнiм; 6) стационарлық үй-жайлар - сумен, энергиямен және канализациямен жабдықталған, iргетасы бар және оларды тiреуiш конструкциясына зиян келтiрмей орнынан ауыстыру мүмкiн емес күрделi құрылыстар, ғимараттар немесе олардың бөлiктерi; 7) қойма үй-жайлары - тек қана этил спиртi мен алкоголь өнiмiн сақтауға, қабылдауға және беруге арналған және біліктiлiк талаптарына сай келетiн арнаулы стационарлық үй-жайлар мен алаңшалар (этил спиртiн сақтау үшiн); 8) фирмалық арнаулы дүкен - сауда залымен жабдықталған, фискальдық жады бар бақылау-касса машинасымен жарақталған және өзiнiң алкоголь өнiмiн бөлшек саудада өткізуге арналған стационарлық үй-жай; 9) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн сақтау - этил спиртi мен алкоголь өнiмiн қойма үй-жайларда орналастыру (қоймада жинау); 10) өндіріс паспорты - қолда бар жабдықты пайдалануды, технологиялық процестi сақтауды реттейтiн, негiзгi шикiзатты, ингредиенттердi, қосалқы материалдарды жұмсау нормасын және дайын өнiмнiң, қосалқы өнiмдердiң шығу нормасын, сондай-ақ өндiрiс кезіндегі шығынның нормаларын белгiлейтiн негiзгi құжат; 11) бiрыңғайландыру - өндiрiс, айналыс (айналым), пайдалану саласында ерекшелiк белгiлерi ұқсас белгiлi бiр өнiмдердi дәл тануды қамтамасыз ететiн рәсiм; 12) таңбалау - тұтынушыға ақпарат жеткiзетiн және этикеткалардағы, контрэтикеткалардағы, кольереткалардағы, буылып-түйiлген заттардағы мәтiн, шартты белгiлер және суреттер; 13) кондицияланған сулар - стандарттарға сәйкестендiру мақсатында артық ерiтiндi тұздардан арылту және өзгеше өңдеу (жете тазарту). 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) мемлекет меншiгiне өткен этил спиртi немесе алкоголь өнiмi - сот шешiмi негiзінде тәркiленген, мемлекет меншiгiне өтеусiз өткен, мемлекет пайдасына тауардан бас тартудың кедендік рәсімінде декларацияланған этил спирті немесе алкоголь өнiмi; 15) пластикалық ыдыс - полиэтилен полистирол және өзге полимерлiк материал негiзіндегі тұтыну ыдысы; 16) аралас полимерлік ыдыс - iшкi жағы тағам сақтайтын полимерлік материалдан жасалған аралас полимерлік материалдардан дайындалған тұтыну ыдысы; 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17) тармақша өзгертілді 17) есепке алу-бақылау таңбасы - қажетті қорғау дәрежесi бар, алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алу және бақылауды жүзеге асыру мақсатымен оны (шарап материалы мен сырадан басқасын) бiрдейлендiруге арналған арнайы бiржолғы жапсырма; Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесі, Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру ережесін қара 18) қаңылтыр ыдыс - iшкi жағы тағам сақтайтын материалмен қапталған арнаулы қаңылтырдан жасалған тұтыну ыдысы; 19) тұтыну ыдысы - тұтынушыға алкоголь өнiмiмен қоса келiп түсетiн, көлiктiк ыдыс өз функциясын атқармайтын және Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы орталық атқарушы органы пайдалануға рұқсат еткен материалдардан жасалған ыдыс; 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 20) және 21) тармақшалармен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 20) құрамында спирті бар тамақ өнімі - тағамдық шикізаттан өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым проценттен астам болатын тамақ өнімі; 21) сусыз спирт - құрамында су жоқ, есеп-қисапта қолданылатын шартты ұғым ретінде пайдаланылатын жүз проценттік спирт немесе абсолюттік алкоголь; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 22) ілеспе жүкқұжат - этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің қозғалысын бақылауға арналған құжат.
2-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңдары Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңдары осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
3-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу 1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу деп этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленетiн бақылау ұғылады. 2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеудiң мiндеттерi: 1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн және азаматтардың денсаулығын қорғау; 2) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және оған әкелiнетiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң сапасын арттыру үшiн жағдай жасау; 3) аталған өнiмдердiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңдардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. 3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеуге мыналар кіреді: 1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрілуi және айналымы жөніндегі қызметтi лицензиялау; 2) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импортын реттеу; 3) тағамдық және тағамдық емес шикізаттан дайындалған этил спиртiнiң және алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) ең төмен бағаларын белгiлеу; 4) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында нормалар мен ережелердi белгiлеу; 5) этил спирті мен алкоголь өнімінiң (сырадан басқа) өндiрiлуiнiң ең төменгi көлемiн белгiлеу; 6) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында мемлекеттік есепке алу мен есеп берудi жүзеге асыру, олардың өндiрiлуi мен айналымының өзара байланысты балансын жасау; 7) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiне және айналымына, сондай-ақ сапасына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру; 8) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеу мәселелерiне қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету, шет мемлекеттердiң этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы мәселелерiн реттеуге уәкілетті тиісті органдарымен және өзге де халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 9) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 4. Тағамдық және тағамдық емес шикiзаттан дайындалған этил спиртiне және алкоголь өнiмiне ең төмен бағаны және этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудiң ең төмен көлемiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi. 5. Орталық және жергілiктi атқарушы органдарға уәкiлеттi органмен келiспей этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласын қозғайтын нормативтiк құқықтық және өзге де актiлер қабылдауға және (немесе) іс-әрекеттер жасауға тыйым салынады. 2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды 6. Акциз ставкаларын қоспағанда, осы Заңда көзделген ерекшеліктер «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттелетін биоотын өндірісіне және айналымына қолданылмайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 3-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалдарынан және сырадан басқа) өндіруді - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін бекітеді; 2) этил спиртін және алкоголь өнімін өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекітеді; 3) этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін бекітеді; 4) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекітеді; 5) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекітеді; 6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді 4-бап. Уәкілетті органның құзыреті 1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеудi мемлекеттiң атынан Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады. 2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында: 1) өзге де мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының арасынан консультанттар мен сарапшыларды тартады; 2) дәм айыру комиссиясы туралы ереженi, дәм айыру қағидаларын бекiтедi; 3) осы Заңның 5-бабына сәйкес алкоголь өнiмiн белгiлi бiр түрге жатқызады; 4) этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалдарынан және сырадан басқа) өндіруді - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін әзірлейді; 5) этил спиртін және алкоголь өнімін өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді; 6) этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін әзірлейді; 7) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын әзірлейді; 8) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын әзірлейді; 9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 4. Уәкiлеттi органның қызметi Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн тиiстi ережеге сәйкес реттеледi.
5-бап. Алкоголь өнiмiнiң түрлерi 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1. Алкоголь өніміне: 1) арақтар және айрықша арақтар; 2) ликер-арақ өнімдері; 3) шарап материалы; 4) шараптар; 5) коньяк; 6) бренди; 7) сыра жатады. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Арақтар мен айрықша арақтар дегенiмiз - арақ-спирт ерiтiндiсiн адсорбентпен арнайы өңдеумен алынған, сосын сүзгiден өткiзiлген ингредиенттер қосылған немесе олар қосылмаған, күштiлiгi отыз сегiз - қырық бес процент, елу процент және елу алты процент алкоголь өнімі. 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді 3. Ликер-арақ өнімдері - жемiс-жидек және хош иiстi өсiмдiк шикiзатын өңдеп, оларға қант шырынын, эфир майларын, шарап материалын, жүзiм шараптарын, коньяк, лимон қышқылын және басқа да тағамдық өнiмдердi, сондай-ақ спирт пен суды қоса отырып алынған спиртте ұсталған түрлi шырындардың, морстардың, тұнбалар мен хош иiстi спирттердiң қоспасынан тұратын этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым проценттен басталатын алкоголь өнімі. Күштi ликер-арақ өнiмдерi дегенiмiз - этил спиртінің көлемдік үлесі отыз проценттен басталатын ликер-арақ өнiмдерi. Күштiлiгi төмен ликер-арақ өнiмдерi дегенiмiз - этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарымнан отыз процентке дейiнгi ликер-арақ өнiмдерi. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4. Шарап материалы - этил спиртінің көлемдік үлесі жиырма екі жарым процентпен аспайтын, хош иісті және дәмдік қоспаларды қоспай, тағамдық шикізаттан өндірілген этил спиртін және (немесе) дистилляттарды қоспай немесе қосып, жүзімді, жүзім шырынын не жеміс немесе жидек шырынын спиртпен ашыту нәтижесінде алынған, құрамында спирті бар тамақ өнімі, ол шарап ашыту және ликер-арақ өнімін, төте немесе екі мәрте айдап айыру жолымен алынған этил спиртін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылады. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5. Шарап - шарап материалдарынан өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі жиырма екі проценттен аспайтын алкоголь өнімі. 6. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 9. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 10. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 11. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 12. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 13. Коньяк - этил спиртінің көлемдік үлесі қырық - қырық бес процент болатын, сәндік және дәмдік ерекшелігі бар, төте немесе екі мәрте айдап айыру жолымен алынған этил спиртінен дайындалған және емен бөшкелерде немесе емен қалақшалары пайдаланыла отырып, эмальданған резервуарларда кемінде үш жыл сақталған алкоголь өнімі. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 14. Бренди - этил спиртінің көлемдік үлесі отыз жеті жарымнан қырық бес процентке дейін болатын, түпкілікті өнімдегі сусыз этил спиртінің көлемінен елу проценттен аспайтын мөлшердегі шарап материалдарынан алынған, емен сүрегін қатыстырып кемінде алты ай сақталған этил спиртін қосып немесе қоспай шарап дистиллятынан дайындалған алкоголь өнімі. 15. Сыра - қыздырылған ашытқы сөлiн сыра ашытқысымен қосып ашыту жолымен алынатын көмiртегiнiң қос тотығымен байытылған әлсiз алкогольдi, көбiктi сусын. 16. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 17. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Дәм айыру комиссиясын этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндірушілердiң қоғамдық ұйымдары құрады және ол импортталатын және өндiрiлетiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) сапасына баға берудi жүзеге асырады. 2. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3. Дәм айыру комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету бойынша шығындарды дәм айыруға ұсынған этил спиртi мен алкоголь өнiмiн шығарушы-ұйымдар және импорттаушылар көтередi. 4. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 7-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудiң шарттары 1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге өндiру лицензиясы және паспорты болған жағдайда жол берiледi. 2. Өндiру паспортын өндiрушiнiң өзi жасайды және бекiтедi. 3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 4. Алкоголь өнiмiн өндiру үшiн тек тағамдық шикiзаттан өндiрiлген этил спиртi пайдаланылады. 5. Технологиялық желiлердi суды кондициялаушы жабдықтармен, спирт өлшейтiн аппараттармен және жасап шығару көлемi туралы ақпаратты уәкiлеттi органға автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн есептеушi бақылау аспаптарымен жарақтамай этил спиртi мен алкоголь өнiмiн (қос тотықты көмiртекпен қанықтырылғаннан басқа) өндiруге тыйым салынады. 6. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн стационарлық өндiрiстiк үй-жайларда және өндiрушiге меншiк құқығымен тиесiлi және тиiстi біліктiлiк талаптарына сай келетiн жабдықтарда өндiруге болады. 7. Екi және одан да көп лицензиатқа этил спиртi мен алкоголь өнiмiн бiр құрал-жабдықпен және бiр стационарлық үй-жайда өндiруге тыйым салынады. 8. Өндiруге лицензияда көрсетiлген мекен-жай бойынша ғана жол берiледi. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 9. Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелерінде белгіленген талаптарға сай жүзеге асырылуға тиіс.
8-бап. Алкоголь өнiмiн таңбалау 1. Өндiрiлетін (экспортталатыннан басқа) және импортталатын алкоголь өнімiн таңбалау мемлекеттік тілде және орыс тілінде өнімнің атауы, дайындаушы-лицензиат және оның тұрған жерi туралы ақпаратты, өнiмге арналған стандарттың белгiсiн, ыдыстың сыйымдылығын, этил спиртінiң көлемдiк үлесiнен процент есебiмен күштiлiгiн, қанттың мөлшерiн, лицензияның нөмiрiн қамтуға тиiс. 2. Арақтарды және айрықша арақтарды таңбалау оларды әзiрлеуде пайдаланылған спирттiң сорты туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс. 3. Шараптарды таңбалау құйылған күнiн және оны құюды жүзеге асырған ұйымның атауын қамтуға тиiс. 4. Маркалы шараптарды таңбалау - ұсталу мерзiмi туралы, коллекциялық шараптарда - шарап әзiрленген жүзiмнiң жиналған жылы туралы, шампанда құйылған күнi туралы ақпараттарды қамтуға тиiс. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5. Алкоголь өнiмiнiң барлық түрлерiн таңбалау «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүргiзiлуге тиiс.
ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-бап өзгертілді 9-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi айналымының шарттары 1. Алкоголь өнімін: 1) базарларда, көтерме сауда базарларында, дүңгіршіктерде, шатырларда, ларектерде, қолдан, жаймалардан, автомашиналардан, сондай-ақ өзге де белгiленбеген орындарда (сырадан басқа); 2) шыққан жерi анықталмаса; 3) алкоголь өнiмiн сақтау мен өткізуге лицензиясы болмаса; 4) балалар мекемелерiнде, білім беру ұйымдарында және оларға iргелес жүз метр радиустағы аумақтарда; 5) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға өткізуге тыйым салынады. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Этил спиртiнің және (немесе) алкоголь өнiмiнiң айналымы кезiнде: 1) алкоголь өнiмiн сәйкестiк сертификатынсыз (және белгiлерiнсiз) өткізуге; 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда 2) алкоголь өнімін (шарап материалы мен сырадан басқа) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз не сәйкестендіруге келмейтін есепке алу-бақылау таңбаларымен алып өтуге және одан әрі өткізу мақсатында сақтауға және өткізуге (экспорттан басқа); 3) стандарттарға сәйкес келмейтiн және (немесе) зиянды қоспалардың жол берiлетiн шектi шоғырлануы асырыла өндiрiлген этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өткізуге; 4) жарамдылық мерзiмi өткен алкоголь өнiмiн өткізуге; 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5) алкоголь өнімін (шарап материалынан, сырадан және күштілігі он екі процентке жетпейтін күштілігі төмен ликер-арақ өнімдерінен басқасын) қаңылтыр ыдыста, этикеткасы жоқ шөлмектерде және пластик ыдыстарда өткізуге; 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 5-1) алкоголь өнімін аралас полимер ыдыстарда, оның ішінде полиэтиленмен қапталған картон орамда және картон қорабына салынған фольгаланған полиэтилен пакетінде өткізуге; 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6) лас, анық сынық белгiлерi бар, тұрқы бұзылған, зақымдалған тығындармен тығындалған шөлмектердегi, жалпы лайсаң, жат қоспалары, түбiнде тұнбалары бар (коллекциялық шараптардан басқа) алкоголь өнiмдерiн бөлшек саудамен өткізуге; 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) алкоголь өнімін осы Заңның 8-бабына сәйкес тиісті таңбалаусыз өткізуге; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 8) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкқұжатсыз этил спиртін немесе алкоголь өнімін алып өтуге тыйым салынады. 3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң тиiстi лицензиясыз айналымына тыйым салынады. 4. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 10-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты және импорты 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан этил спиртiнiң немесе шарап материалының импорты этил спирті немесе шарап материалы жасап шығаруға пайдаланылатын алкоголь өнімін өндіруге лицензиясы болған кезде этил спиртінің немесе алкоголь өнімінің импортына берілетін лицензия бойынша жүзеге асырылады. Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан алкоголь өнімінің (шарап материалынан басқа) импорты алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензиясы болған кезде алкоголь өнімінің импортына берілетін лицензия бойынша жүзеге асырылады. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан этил спиртiнiң және (немесе) шарап материалының импорты жасап шығаруға этил спиртi немесе шарап материалы пайдаланылатын алкоголь өнiмiн өндiруге лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады. |