Электр энергетикасы туралы (2013.06.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) Осы Заң электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) авариялық бронь - электрмен үздіксіз жабдықтау объектісіне берілуі ол үшін маңызды құрылғылардың жұмыс істеуін сақтайтын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлімін болғызбайтын ең төменгі қажетті электр қуаты; 2) авариялық бұзылыс - электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысының технологиялық параметрлерінің олардың істен шығуын немесе пайдалану кезінде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулары; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылды 2-1) әзірлік паспорты - энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат; 2-2) генерациялайтын қондырғы - электр энергиясын өндіретін құрылғы; 3) және 4) тармақшалар 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 3) есептік тариф - инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған және тиісті топ үшін бекітілген шекті тарифтен асатын энергия өндіруші ұйым үшін электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы; 4) жеке тариф - инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым үшін бекітілген, тиісті топ үшін бекітілген шекті тарифтен асатын, электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы; 5) жүйелік авария - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын жоғалтуға және оны бөліктерге бөлуге әкеп соққан электр энергетикасы объектілері жұмысы режимдерінің авариялық бұзылысы; 6) жүйелік қызметтер көрсету - жүйелік оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендіру, қуатты реттеу және резервтеу, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнінде көрсететін қызметтері; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) жүйелiк оператор - орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания; 8) жылу желілерінің күзет аймағы - жылу желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері; 9) жылу энергиясын беру - жасалған шарттарға сәйкес энергия беруші ұйымдардың жылу желілері бойынша жылу энергиясын тасымалдау жөнінде көрсететін қызметі; 10) жылу энергиясының бөлшек сауда нарығы - жылу энергиясын өндіруге, беруге және тұтынуға қатысушылардың шарттар негізінде жұмыс істейтін қатынастар жүйесі; 11) инвестициялық бағдарлама - жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бағдарлама; 12), 13) және 14) тармақшалар 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 12) инвестициялық міндеттеме - жаңа активтерді құруды, қолда бар активтерді кеңейтуді, жаңартуды, қолдауды, реконструкциялауды және техникалық қайта жарақтандыруды көздейтін міндеттеме; 13) инвестициялық шарт - энергия өндіруші ұйым, уәкілетті орган және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган арасындағы инвестициялық бағдарламаны орындау туралы шарт; 14) келісім - уәкілетті орган мен электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткізуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым арасындағы инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы шарт; 15) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы; 15-1) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - елді мекендердің шегінде электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желілік объектілер) және қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары деп белгіленген жылу электр орталықтарынан және қазандықтардан басқа, жылумен жабдықтау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 16) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі - Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен шағын станциялардың жиынтығы; 17) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр қуатының резерві - шартта көзделген талаптарға сәйкес қажет етілетін құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге әзірлік дәрежесі бар энергия өндіруші ұйымдар агрегаттарының электр қуаты; 18) қосалқы көрсетілетін қызметтер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен электр қуатының қажетті мөлшерлері мен оралымды резервтері құрылымының дайындығын қамтамасыз ету, активті және реактивті қуатты реттеу үшін, энергия жүйесін тогы жоқ жағдайдан шығару бойынша сатып алатын қызметтер көрсету; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды 18-1) мемлекеттік техникалық инспектор - уәкілетті органның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы; 19) операциялық тәуліктер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының орындалуын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ағымдағы тәуліктер; 20) орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару - жүйелік оператор жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі сенімділігінің нормативтік деңгейін және электр энергиясының нормативтік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық жағынан келісілген жұмысын үздіксіз басқару процесі; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 1-бап 20-1) тармақшамен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 21) өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері - өңірлер және (немесе) мемлекеттер арасында электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілері; 22) өңірлік электр желілік компания - өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия беруші ұйым; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды 22-1) пайдаланылатын отын қорының нормасы - тәулікпен есептегенде энергия өндіруші ұйымдар пайдаланатын ең аз отын қоры; 23) теңгерімдеуші электр энергиясы - электр энергиясын өндірудің-тұтынудың жүйелік оператор бекіткен сағат сайынғы тәуліктік кестесін іске асыру кезінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жою үшін пайдаланылатын электр энергиясы; 24) техникалық диспетчерлендіру - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру мен тұтыну режимдерін орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру жөнінде жүйелік оператор көрсететін қызмет; 25) тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға; 26) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 27) ұлттық электр желісі - шағын станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы, олар жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттармен ұлттық компанияға беріледі; 28) тармақша 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 28) шекті тариф - энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) бекітілген ең жоғары шамасы; 29) электр және жылу энергиясын коммерциялық есепке алу - электр және жылу энергиясын сатып алу-сату және беру шарттары бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті электр және жылу энергиясын есепке алу; 30) электр желілерінің күзет аймағы - электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі; 31) электр қуатын реттеу - электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектісінің нақты электр жүктемесінің тәуліктік кестеде жоспарланып немесе жоспарланбай айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларының орнын толтыру жөнінде көрсетілетін қызмет; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды 31-1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет - энергия өндіруші ұйымдардың белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша жүйелік операторға көрсететін қызметі; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 1-бап 31-2), 31-3) тармақшалармен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 31-4) тармақшамен толықтырылды 31-4) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет - белгіленген тәртіппен аттестатталған, генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде жүйелік оператор көрсететін қызмет; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 1-бап 31-5) тармақшамен толықтырылады (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 31-6), 31-7) тармақшалармен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 32) электр энергетикасы - электр және жылу энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну саласы; 33) тармақшадаға өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 33) электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, электр энергиясымен орталықтандырылған сауда операторы; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 1-бап 33-1) тармақшамен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 34) электр энергиясына кепілдік беріп жеткізуші - тұтынушыларды энергиямен жабдықтаушы басқа да барлық ұйымдар энергиямен жабдықтауды тұтынушының кінәсінен емес тоқтатқан жағдайларда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 35) - 39) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 35) электр энергиясын беру - энергия берушi ұйымдардың электр энергиясын беруге жасалған шарттарға сәйкес көрсететiн қызметi; 35-1) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі - өлшем құралдарының және электр энергиясын өлшеуге, жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және есепке алу деректерін беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің жиынтығы; 36) электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың тәулiктiк кестесi - электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес күнтiзбелiк әрбiр тәулiкте электр энергиясын өндiру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтiн, жүйелiк оператор бекiткен құжат; 37) электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың теңгерiлiмiн ұйымдастыру - электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыру бойынша жүйелiк оператор көрсететiн қызмет; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 1-бап 37-1) тармақшасымен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 38) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы - электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектiлерi арасындағы шарттар (электр энергиясын сатып алу-сату, беру және тұтыну, сондай-ақ осыған байланысты көрсетiлетiн қызметтер ұсыну) негiзiнде көтерме сауда нарығынан тыс жұмыс iстейтiн қарым-қатынастар жүйесi; 39) электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектiлерi - энергия өндiрушi, энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар; 40) тармақшаға өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 40) электр энергиясының көтерме сауда нарығы - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясын сатып алу-сатуға байланысты қатынастар жүйесі; 41) электр энергиясының орталықтандырылған саудасы - осы Заңмен белгіленген жағдайларды қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері электрондық сауда жүйесінде ерікті негізде жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сату мәмілелері; 42) тармақша 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 42) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы - электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым; 43) электр энергиясының спот-сауда-саттығы (бұдан әрі - спот-сауда-саттық) - бір күн бұрын және операциялық тәуліктер ішінде режимдерінде қысқа мерзімдік негізде электр энергиясының сағат сайынғы көлемінде ұйымдастырылған сауда; 44) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы - ағымдағы операциялық тәуліктерде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндірудің және (немесе) тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасында нақты уақыт режимінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жүйелік оператордың табиғи және бұдан кейінгі қаржылық реттеуі нәтижесінде жүйелік оператор мен энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметті жүзеге асыратын көтерме тұтынушылар арасында қалыптасатын өзара қатынастар жүйесі; 45) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының имитациялық режимі (бұдан әрі - имитациялық режим) - электр энергиясы теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асырмастан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі; 46) электр энергиясының теңгерімсіздігі - электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты шамасының электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік кестесіндегі жүйелік оператор бекіткен шамадан ауытқуы; 47) энергетикалық сараптама - жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, электр және жылу желілеріндегі энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды тексеру кезінде, сондай-ақ олардағы өндірістік жарақат алу жағдайларында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестілігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама; 48) энергия беруші ұйым - электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым; 49) энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 50) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 50) энергия өндіруші ұйым - электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым; 51) тармақша 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 51) энергия өндіруші ұйымдардың тобы - мынадай өлшемдер: энергия өндіруші ұйымдардың типтері, белгіленген қуат, пайдаланылатын отын түрі, отынның тұрған жерінен қашықтығы бойынша қалыптасқан энергия өндіруші ұйымдар.
2-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу 3-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi 1. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу: 1) энергия тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және электр, жылу энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын тұтынушылардың электр және жылу энергиясын жеткiзушiлердi таңдау құқығына кепiлдiк беретiн нарықта бәсекелестiк жағдайлар жасау жолымен қорғау; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенiнiң қауіпсіз, сенiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; 3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы кешенiн елдiң шаруашылық-экономикалық және әлеуметтiк кешендерiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң ерекше маңызды жүйесi ретiнде басқарудың бiртұтастығы мақсатында жүзеге асырылады. 2. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудiң мiндеттерi мыналар: 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) басқару бiртұтастығы, бәсекенi дамыту негiзiнде электр энергетикасы кешенiнiң тиiмдi, қауіпсіз жұмыс iстеуi мен дамуы; 2) тұтынушылардың электр және (немесе) жылу энергиясын жеткiзушіні таңдау құқығы; 3) табиғи монополия сапасындағы қызметті реттеу, сондай-ақ отандық энергия өндiрушілердi қорғау үшiн жағдайлар жасау; 4) электр және жылу энергиясының реттелетiн нарығын құру мен жетiлдiру; 2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 5) электр және жылу энергиясын ұтымды және үнемдi тұтыну; 6) жаңартылып отыратын және дәстүрлi емес энергия көздерiн пайдалану мен дамыту; 7) электр энергетикасы кешенiн дамыту мен қайта жарақтандыруға инвестициялар тарту; 8) қоршаған ортаны қорғау, электр беру желiлерiн, электр және энергия қондырғыларын пайдалану кезіндегі құрылыс сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi жөніндегі iс-шаралар кешенiн орындау үшiн жағдайлар жасау; 9) елдiң шалғай аудандарында энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасау; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 10) Қазақстан Республикасының бiртұтас энергетикалық жүйесi жұмысының және электр энергиясы сапасының ұлттық стандарттарын белгiлеу болып табылады. 3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу: 1) лицензиялауды; 2) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеудi; 3) электр энергетикасы объектiлерiн монополиясыздандыру мен жекешелендiрудi; 4) электр энергиясын өндiрудiң, берудiң, техникалық диспетчерлендiру мен тұтынудың сенiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен үнемдiлiгiн мемлекеттік қадағалауды; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) электр энергетикасы саласындағы техникалық реттеуді қамтиды. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен; 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасының Yкіметі: 1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi; 2) электр энергетикасын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзiрлейдi; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы ережесін бекiтедi; 4) тармақшаға өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 4) есептiк тарифтi айқындау, шектi және жеке тарифтердi бекіту тәртібін бекiтедi; 5) тармақша 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 5) үлгiлiк инвестициялық шартты, үлгiлiк келiсiмдi бекiтедi; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылды 5-1) электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекітеді; 5-2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына арналған үлгілік шартты бекітеді; 5-3) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты бекітеді; 6) тармақшаға өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 6) шектi тарифтердi бекiтедi; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 4-бап 6-1) тармақшамен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 7) электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді; 8) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекітеді; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды 8-1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын бекітеді; 9) электр энергиясының теңгерімді нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 4-бап 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 10) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекітеді; 11) Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөніндегі қағидаларды бекітеді; 12) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді; 13) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi; 14) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекітеді; 15) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекітеді; 16) электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекітеді; 17) электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді; 18) электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекітеді; 19) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекітеді; 20) жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді; 21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын сауда-саттықтарда (аукциондарда) өткiзiлетiн, сатып алынатын мүлiк (активтер) тiзбесiне енгізу туралы шешiм қабылдайды; 22) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын бекітеді; 23) электр-желілік қағидаларды бекітеді; 24) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекітеді; 25) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекітеді; 26) энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекітеді; |