|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 224-1-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы заңнамалық актісінде белгiленген, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндiрушi ұйымдар өндiретiн электр, жылу энергиясын сатып алу мiндетiн орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау -». 2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 90-бап мынадай редакцияда жазылсын: «90-бап. Жекелеген санаттардағы жерлердi алып қоюды шектеу Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарын, ауыл шаруашылығы, биологиялық және ирригациялық-мелиорациялық, балық шаруашылығы бейініндегі ғылыми-зерттеу және оқу орындарының тәжiрибелiк алаңдарының, орман және су қорларының жерлерiн алып қоюға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрумен және кеңейтумен, халықаралық мiндеттемелердi орындаумен, учаскенiң астынан бағалы пайдалы қазбалар кен орнының табылуымен, жолдарды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, электр беру желiлерiн, байланыс желiлерi мен магистральдық құбырларды, елдi мекендердiң ортақ пайдаланудағы инженерлiк-коммуникациялық желiлерiн, сондай-ақ ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде мемлекеттiк маңызы бар объектiлердi салумен байланысты ерекше жағдайларда жол берiледi.». 3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 125-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «инфрақұрылымдары объектiлерiн,» деген сөздерден кейін «жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін,» деген сөздермен толықтырылсын. 4. «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат): 1) 5-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «арнайы қаржы компанияларынан,» деген сөздерден кейін «жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан,» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 18-1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «қатысуына;» деген сөз «қатысуына уәкілетті органның алдын ала хабарламасы не келісімін алу талап етіледі.» деген сөздермен ауыстырылып, осы тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақшаның талаптары Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының қызметіне табиғи монополия субъектісі қатысатын жағдайларға қолданылмайды;»; 3) 18-4-бапта: 2-1-тармақ бесінші абзацындағы «сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауарларды тiкелей стратегиялық тауарларды өндiрушiлерден сатып алуды жүзеге асырады.» деген сөздер «сатып алу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауарларды сатып алуды тiкелей стратегиялық тауар өндiрушiлерден жүзеге асырады.»; 4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4-1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алу Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.». 5. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат): 5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің он алтыншы абзацындағы «арнайы қаржы компаниялары жатады.» деген сөздер «арнайы қаржы компаниялары;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын: «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы жатады.». 6. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат): 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын: «29-1) электр желілері - электр энергиясын беру мен таратуға арналған шағын станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығы;»; 33) тармақша «, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 9-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Энергия өндіруші ұйымның, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларын кешенді сынау мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік органның рұқсатын алғаннан кейін және электр желілік қағидаларға сәйкес, кешенді сынау жүргізу кезінде өндірілген электр энергиясының барлық көлемін сатып алу-сатуға арналған шарт болған кезде жүйелік оператормен келісілген сынау бағдарламасы бойынша жүргізіледі.»; 3) 10-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын: «23) осы Заңда және Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»; 6-тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді 2-тармақтың 3) тармақшасындағы «нарығында;» деген сөз «нарығында электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын; 4) 12-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдар:»; 5) 13-бапта: 6-тармақтың 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді 1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1-1. Электр желiлерiне жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлері тiкелей қосылған өңiрлiк электр желiлік компаниялар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндіретін және беретін электр энергиясын толық көлемде қабылдауға мiндеттi.»; 3-2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) мынадай жағдайларды: электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін негізге ала отырып айқындалатын көлемде қуаттардың авариялық істен шығуын; жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алуды қоспағанда, энергиямен жабдықтау мақсаттарында электр энергиясын алуға (сатып алуға) тыйым салынады.». 7. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жаңартылатын энергия көздерi - табиғи жаратылыс процестерi есебiнен үздiксiз жаңартылатын энергия көздерi, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесiнiң энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердiң, су айдындарының жылуы, сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендiк көздерi: биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру үшiн пайдаланылатын органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отын; 2) жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі - шартты тұтынушылар) - көмірді, газды, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері; жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары; 3) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы белгілейтін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатуына арналған тариф; 4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі - қаржы-есеп айырысу орталығы) - жүйелік оператор құратын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын осы Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға; 5) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым - жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға; 6) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар - қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындары, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындары және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген баға белгілеу тәртібіне сәйкес айқындалатын, оның қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар; 7) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган - жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 8) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi - жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым; 9) жеке тұтынушыларға атаулы көмек (бұдан әрі - атаулы көмек) - жеке тұтынушылардың қазақстандық өндірушілерден жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін мемлекеттің өтеуі; 10) тіркелген тариф - жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф; 11) уәкілетті орган - жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 12) электр және (немесе) жылу энергиясын жеке тұтынушы (бұдан әрі - жеке тұтынушы) - орталықтандырылған электрмен жабдықтау экономикалық жағынан орынсыз, электрлендірілмеген елді мекендерде және (немесе) қоныстарда автономды режимде жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынатын жеке тұлға; 13) электр энергиясын нетто-тұтынушы (бұдан әрі - нетто-тұтынушы) - таратушы электр желісіне қосылған және желіден электр энергиясын тұтыну көлемдері мен оған беру көлемдерін бөлек есепке алу жүйелерімен жабдықталған, өзіне меншік құқығымен тиесілі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр энергиясын өзінің толық немесе ішінара тұтынуын қамтамасыз ететін жеке тұлға; 14) электр энергиясын тұтыну аймағы -жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің бір бөлігі.»; 2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Осы Заңның жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алу үшін тіркелген тарифтерді қолдану тәртібін реттейтін ережелері: пайдалану мерзімі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемеде белгіленген өзін-өзі ақтау мерзімінен асып кеткен, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері бар энергия өндіруші ұйымдарға; жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар және (немесе) реттеудің тәуліктік мерзімінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары бар гидроэлектр станцияларына қолданылмайды. Гидроэлектр станцияларының көрсетілген параметрлерге сәйкестігін осы Заңның 5-бабының 8) тармақшасында көзделген қағидаларға сәйкес уәкілетті орган айқындайды.»; 3) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын: «1-1) тіркелген тарифтерді белгілеуді; 1-2) атаулы көмек ұсынуды;»; 4) 4-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалауды, салуды және игеруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық преференциялар беру;»; 5) 5-бапта: 5) тармақшадағы «жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерді және объектілерді салу жобаларын» деген сөздер «жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектілерін салудың техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын: «7-1) тіркелген тарифтерді және жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекітеді; 7-2) тіркелген тарифтерді бекітеді; 7-3) қаржы-есеп айырысу орталығын айқындайды;»; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын, сондай-ақ қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен және шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының тиісті үлгілік нысандарын бекітеді;»; 9) тармақша «Конституциясымен,» деген сөзден кейін «осы Заңымен, өзге де» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 6-бапта: 6) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне қаржы-есеп айырысу орталығын айқындау туралы ұсыныс енгізеді;»; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын, сондай-ақ қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен және шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының тиісті үлгілік нысандарын әзірлейді;»; мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын: «10-1) тіркелген тарифтерді және жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын әзірлейді; 10-2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне тіркелген тарифтерді бекіту жөнінде ұсыныс енгізеді; 10-3) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін өзінің интернет-ресурсында жариялайды;»; 7) 7-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне берілетін жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларын келіседі;»; 7-тармақтың 8) тармақшасы жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді 8) 2-тарау мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын: «7-1-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын өндіруге, беруге және сатып алуға қатысушылардың міндеттері 1. Желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері қосылған энергия беруші ұйымдар электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде айқындалған, өздерінің желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері берген электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтерді ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға міндетті. 2. Шартты тұтынушылар: 1) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын сатып алуға қаржы-есеп айырысу орталығымен жыл сайын үлгілік нысанға сәйкес шарт жасасуға және электр энергиясы берілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей оның ақысын төлеуге;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |