Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 196 Қаулысымен күші жойылды
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 436 қаулысымен бекітілген
1. Осы «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар қолданылады: 1) тұтынушы - жеке тұлға; 2) уәкілетті орган - білім басқармасы; 3) уәкілетті органның жауапты қызметкері - лауазымдық қызметіне сәйкес жүктелген арнайы білім беру ұйымының қызметкері; 4) уәкілетті органның бастығы - арнайы білім беру ұйымының директоры.
2. Осы мемлекеттік қызметтің регламенті Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабындағы 4 тармаққа сәйкес әзірленді. 3. «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) ұйымдастырушылық-құқықтық, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан арнайы білім беру ұйымдары көрсетеді. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 19-бабымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес ұсынылады (бұдан әрі - стандарт). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|