|
|
|
«Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру ережесінде: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Диссертацияның негізгі мазмұны ғылыми, ғылыми-сараптау және ғылыми-практикалық басылымдарда жариялануы тиіс. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелеріне ұсынылған диссертацияның ғылыми нәтижелері кем дегенде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кем дегенде 3 (үшеуі) уәкілетті орган ұсынатын ғылыми басылымдарда, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда, 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалында жариялануы тиіс. Мемлекеттік құпиялары бар диссертация қорғалған жағдайда шет елдік ғылыми журналдағы жарияланымның орнына уәкілетті орган ұсынған ғылыми басылымдағы жарияланым есептеледі. Шетелде алған ғылыми дәрежесінің баламалылығын тануға құжаттарын ұсынған тұлғалар үшін аттестациялық ісі Комитетке ұсынылған мерзімге дейін жарияланған ғылыми еңбектер ескеріледі. Бұл ретте диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланымы, оның ішінде кемінде дегенде 3 (үшеуі) уәкілетті орган ұсынатын ғылыми басылымдарда немесе 3 (үшеуі) диссертация қорғалған елдің ғылыми басылымдарында, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми басылымда және 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалдарында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалдарында (Қазақстан Республикасында және (немесе) диссертация қорғалған елде өткізілмеген) жариялануы тиіс.»; 8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Докторант авторы мен дереккөзін көрсетпей бөтен материалды пайдаланған жағдайда диссертациялық кеңес немесе Комитет теріс шешім қабылдайды.»; 10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «10. Аттестациялық істерінің қаралу мерзімі Комитетке келіп тіркелген күнінен бастап 4 (төрт) айды құрайды. Аттестациялық істер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығымен бекітілген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің (бұдан әрі - Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже) 20-тармағының және осы Ереженің 22-тармағының талаптарына сәйкес келмесе, сондай-ақ Комитет аттестациялық істің құжаттары бойынша мәліметтерді сұраса, аттестациялық істі қарау мерзімі 1 (бір) айға созылады. Қарау мерзімі созылғаны туралы Комитет докторантқа немесе арызданушыға созылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде хабарлайды.»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Сараптау кеңесінің отырысы бекітілген құрамның 2/3-сінен (үштен екісінен) кем болмаған жағдайда құқылы болып саналады. Егер ашық дауыс беру кезінде кеңес мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берсе, қорытындылар мен ұсынымдар қабылданған болып есептеледі және оларға төрағалық етуші, кеңестің ғалым хатшысы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда сараптау кеңесі төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Сараптау кеңесі мүшелерінің қатысуы осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес келу парағымен расталады.»; мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын: «16-1. Осы Ереженің 5-8-тармақтарының талаптарына сәйкес болмағандықтан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беруден бас тартылған немесе аттестациялық істі Комитет қайтарған жағдайда докторант диссертацияны кем дегенде бір жылдан кейін қайта қорғауға ұсынады.»; 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 20. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерінің баламалылығын тану философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру арқылы жүзеге асырылады. Баламалылықты тану рәсімін осы Ереженің 21, 21-1, 22-тармақтарында белгіленген тәртіпте өздерінің жеке өтініштері және (немесе) олар жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты бойынша Комитет жүргізеді. 21. Ғылыми дәрежесін шетелде алған Қазақстан Республикасы азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру рәсімі үш кезеңнен тұрады: 1) ғылыми дәреженің берілгені туралы құжаттың түбірін растау; 2) меңгерілген кәсіптік білім беру бағдарламаларының (күндізгі оқу бөлімінде) қазақстандық докторантураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін анықтау рәсімдері; 3) диссертациялардың осы Ереженің 5-8-тармақтарына сәйкестігін сараптау.»; мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын: «21-1. 500 академиялық рейтингтердің тобына (Джао Тонг Шанхай университеті, Таймс, QS) немесе U.S. News and World Report рейтингінің 200 ұлттық университетінің тобына кіретін жоғары оқу орындарында диссертация қорғаған және кемінде 3 жыл жұмыс істеген тұлғалардың шетелде алған философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарының баламалылығын тану осы Ереженің 21-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген рәсімдерсіз жүргізіледі.»; 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «22. Ғылыми дәрежесін шетелде алған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру туралы жеке өтінішті немесе қолдаухатты тапсыру кезінде келесі құжаттар қоса беріледі: 1) құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; 2) ғылыми дәреженің берілгені туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмесі немесе дәрежені беру туралы құжаттың нотариалды расталған мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасы; 3) мынадай ақпараттары бар ғылыми дәреженің берілгені туралы құжатқа (транскрипт) қосымшаның нотариалды расталған көшірмесі: өткен оқу пәндері мен практикалардың, алған қорытынды бағалары және бітіру біліктілік жұмыстарының көлемі. Транскрипт жоқ болған жағдайда аспирантураға (докторантура)қабылданғаны және оқудан шығарылғаны туралы бұйрықтан үзінді, өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер, кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәлік ұсынылады; 4) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация. Шет тіліндегі диссертацияға мемлекеттік немесе орыс тіліндегі авторефераттың немесе кеңейтілген аннотацияның (40 мың баспа белгілерден кем емес) нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі. Аннотацияда зерттеудің шығу мәліметі, мақсаты, міндеттері, таңдалған тақырыптың өзектілігі, негізгі ғылыми ережелері, қорытындылар мен ұсынымдар көрсетіледі; 5) диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар тізімі мен көшірмесі; 6) Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдеріндегі диссертацияның есептік-тіркеу карточкасы; 7) жұмыс орнында расталған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы; 8) диссертацияда докторанттың авторы мен дереккөзін көрсетпей бөтен материалды пайдаланғанын тексергені туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының немесе диссертация қорғаған елдің уәкілетті органының анықтамасы (ерікті нысанда). 23. Осы Ереженің 22-тармағында көрсетілген жеке өтініші немесе қолдаухат пен құжаттар Сараптау кеңесінде қаралады. Ол шетелде берілген философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін тану туралы қорытынды шығарады. Қорытынды осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі. Электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертацияны Комитет Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына жолдайды»; 27-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «27. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру мәселелері бойынша дауларды сотқа дейін реттеу үшін апелляция берілген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде Комитет құрамы өзінің 2 (екі) өкілінен және ғылыми кеңесші, рецензент, диссертациялық және Сараптау кеңестерінің мүшелері болып табылмайтын тиісті мамандық бойынша 3 (үш) ғалымнан тұратын апелляциялық комиссияны (бұдан әрі - комиссия) құрады.»; 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын. 2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә. Ырсалиев): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 214 бұйрығына 1-қосымша
Ғылыми дәрежелерді беру ережесіне 1-қосымша
Нысан
___________________________________________________ бойынша (ғылым саласы)
Сараптау кеңесінің
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
20__ ж. «_______» _________________ № ________________ хаттама ТЫҢДАЛДЫ: ____________________________________________________________________________________ мамандығы бойынша ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ тақырыбындағы диссертацияны қорғау негізінде докторант ______________________________________________________________________________________________________ (докторанттың тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру туралы қолдаухат бойынша 20___ ж. «____» ____________ (№ ___ хаттама) ______________________________________________________________________________________________________ (диссертациялық кеңестің шешімі туралы) № __________ іс. Сарапшы __________________________________________ тыңдап және істің материалдарын талқылап, Сараптау кеңесі мынаны белгіледі: 1. Диссертация тақырыбының өзектілігін бағалау ____________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ (ғылым мен техниканың дамуына, қоғамдық практика сұраныстарына сәйкестігі) ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ 2. Диссертация тақырыбының Қазақстан Республикасында іске асырылатын ғылыми дамудың басым бағыттарына және/немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ 3. Ең маңызды ғылыми нәтижелері, олардың жаңалығы және негізділігі ______________________________________________________________________________________________________ (теориялық жағдайы, мәдени-әлеуметтік, экономикалық, саяси, ______________________________________________________________________________________________________ техникалық немесе технологиялық шешімдер; жұмыстың кемшіліктері) ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ 4. Диссертацияның қолданбалы немесе теориялық мәні бар (керектісін сызу қажет). Диссертация нәтижелерін енгізу __________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ (өнеркәсіптік ендіру ауқымы, тәжірибелік-өнеркәсіптік, ______________________________________________________________________________________________________ зертханалық сынақтар, оқу процесінде пайдалану және т.б.) ______________________________________________________________________________________________________ Пайдаланудан алынған әсер ______________________________________________________________________________________________________ (экономикалық, техникалық, экологиялық, әлеуметтік және т.б.) ______________________________________________________________________________________________________ Практикаға ендіру үшін __________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ (авторлық куәліктер, патенттер, алдын ала патенттер, зияткерлік меншік туралы куәліктер) ______________________________________________________________________________________________________ (ғылыми нәтижелерді пайдалану жөнінде теоретикалық ұсыныстар) ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ұсынылады. 5. Жарияланымдар толықтығының сәйкестігі: диссертация тақырыбы бойынша _______ ғылыми еңбек, оның ішінде: _______ Комитет ұсынатын басылымдарда; ______ Томсон Рейтер компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналдарда; _______ халықаралық конференциялар материалдарында, оның ішінде _______ шетелдік конференциялар материалдарында _______ басқа жарияланымдар. 6. Рецензенттер мен ғылыми кеңесшілердің бір-біріне тәуелсіздік қағидасының сақталуы ____________________________ Аттестациялық іс материалдарының Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережемен осы Ереже талаптарына сәйкестігін бағалау _____________________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ 7. Диссертацияда авторы мен дереккөзін көрсетпей бөтен материалды пайдаланғанының (плагиат) анықталуы _________________________________________________________ (бар немесе жоқ) Плагиат болған жағдайда пайдаланған дереккөзін көрсетілген салыстырмалы кесте қоса беріледі. 8. Диссертациялық кеңеске ескертулер_____________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ 9. Сараптау кеңесі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 9.1. Іс осы Ереженің және Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің барлық талаптарын ________________________. (қанағаттандырады немесе қанағаттандармайды) 9.2. Комитет докторант _________________________________________________________________________________ (докторанттың Т.А.Ә.) ______________________________________________________________________________________________________ (диссертацияның осы Ереженің қандай тармақтарына сәйкес ______________________________________________________________________________________________________ бағаланғандығы көрсетіледі: жиынтығы маңызды мәнге ие болатын, ______________________________________________________________________________________________________ пайдаланылуы маңызды қолданбалы міндетті шешуді қамтамасыз ететін; ______________________________________________________________________________________________________ маңызды ғылыми міндетті шешетін ғылыми-негізделген жаңа ______________________________________________________________________________________________________ теориялық және (немесе) нақты ғылыми бағыттарды дамытуға арналған ______________________________________________________________________________________________________ тәжірибелік нәтижелер алынды) ________________________________________________________________________________________________ үшін ___________________________________________________________________________________ мамандығы бойынша _____________________________________________________________________________________________________ философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруді ______________________________________________________________________________________________________ (ұсынады немесе ұсынбайды) ______________________________________________________________________________________________________ Дауыс беру нәтижелері: «ЖАҚТАП» дауыс бергені ___________________________________________________________ «ҚАРСЫ» _____________________________________________________________________________________________ «ҚАЛЫС ҚАЛҒАНЫ» ___________________________________________________________________________________
Төраға ________________________________________________________ (тегі, а.ә.) Ғалым хатшы ___________________________________________________ (тегі, а.ә.)
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 214 бұйрығына 2-қосымша
Ғылыми дәрежелерді беру ережесіне 2-қосымша
Нысан
«Бекітемін» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы __________________________ 20 __ ж. «___» _____
____________________ сараптау кеңесінің келу парағы
20 ___ ж. «___» ____
Төраға орынбасары Басқарма басшысы
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 214 бұйрығына 3-қосымша
Ғылыми дәрежелерді беру ережесіне 3-қосымша
Нысан
___________________________________________________ бойынша (ғылым саласы)
Сараптау кеңесінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
20__ ж. «_______» _________________ № ________________ хаттама ТЫҢДАЛДЫ: ___________________________________________________________________________________ мамандығы бойынша ______________________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ елде алған (мемлекет, ұйым) ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ (ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.) ____________________________________________________________________ дәреженің баламалылығын тану туралы ___________________________________________ № аттестациялық іс. Диссертация тақырыбы: _____________________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________________ Сарапшы __________________________________________________________________________________ тыңдап және істің материалдарын талқылап, Сараптау кеңесі мынаны белгіледі: 1. Диссертация тақырыбының өзектілігін бағалау _________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ (ғылым мен техниканың дамуына, қоғамдық практика сұраныстарына сәйкестігі) ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ 2. Ең маңызды ғылыми нәтижелер, олардың жаңалығы және негізділігі ______________________________________________________________________________________________________ (теориялық жағдайы, мәдени-әлеуметтік, экономикалық, саяси, ______________________________________________________________________________________________________ техникалық немесе технологиялық шешімдер) ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ 3. Диссертацияның қолданбалы немесе теориялық мәні бар (керектісін сызу қажет). Диссертация нәтижелерін практикалық пайдалану кезеңі ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ (өнеркәсіптік ендіру ауқымы, тәжірибелік-өнеркәсіптік, ______________________________________________________________________________________________________ зертханалық сынақтар, оқу процесінде пайдалану және т.б.) ______________________________________________________________________________________________________ Пайдаланудан алынған әсер ______________________________________________________________________________________________________ (экономикалық, техникалық, экологиялық, әлеуметтік және т.б.) Практикаға ендіру үшін ______________________________________________________________________________________________________ (авторлық куәліктер, патенттер, алдын ала патенттер, зияткерлік меншік туралы куәліктер) ______________________________________________________________________________________________________ (ғылыми нәтижелерді пайдалану жөнінде теоретикалық ұсыныстар) ______________________________________________________________________________________________________ ұсынылады. 4. Жарияланымдар толықтығының сәйкестігі: диссертация бойынша _______ ғылыми еңбек, оның ішінде: _______ Комитет ұсынатын басылымдарда; _______ Томсон Рейтер компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналдарда; _______ халықаралық конференциялар материалдарында, оның ішінде _______ шетелдік конференциялар материалдарында _______ басқа жарияланымдар. 5. Диссертацияда авторы мен дереккөзін көрсетпей бөтен материалды пайдаланғаны (плагиат ) анықталуы ________________________ (бар не жоғы) Плагиат анықталған жағдайда пайдаланған дереккөзін көрсетілген салыстырмалы кесте қоса беріледі. 6. Меңгерілген кәсіптік білім беру бағдарламаларының қазақстандық докторантураның (күндізгі оқу бөлімінде) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін анықтау ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ 7. 500 академиялық рейтингтердің тобына (Джао Тонг Шанхай университеті, Таймс, QS) немесе News рейтингінің 200 ұлттық университетінің тобына кіретін жоғары оқу орындарында ________________________________________________________ (ЖОО, рейтинг) жұмыс өтілі __________________________________________________________________________________________ 8. Сараптау кеңесі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 8.1. Ізденуші __________________________________________________________аттестациялық ісі осы (Т.А.Ә.) Ереженің барлық талаптарын ___________________________________________________________________________ (қанағаттандырады немесе қанағаттандармайды) 8.2. Комитет ізденуші ___________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә.) ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ (диссертацияның осы Ереженің қандай тармақтарына сәйкес ______________________________________________________________________________________________________ бағаланғандығы көрсетіледі: жиынтығы маңызды мәнге ие болатын, ______________________________________________________________________________________________________ пайдаланылуы маңызды қолданбалы міндетті шешуді қамтамасыз ететін; ______________________________________________________________________________________________________ маңызды ғылыми міндетті шешетін ғылыми-негізделген жаңа ______________________________________________________________________________________________________ теориялық және (немесе) нақты ғылыми бағыттарды дамытуға арналған ______________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ тәжірибелік нәтижелер алынды) ________________________________________________________________________________________________ үшін ___________________________________________________________________________________ мамандығы бойынша (мамандық шифры, мамандық) _______________________________________________________________ дәрежесінің баламалылығы танылсын және ___________________________________________________________________________________ мамандығы бойынша ______________________________________________________________________________________________________ философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруді ұсынады. 8.3. Комитетке _________________________________________________________________________________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |