Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына 4-қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен күші жойылды
Пана үйі қызметінің үлгілік қағидалары
1. Осы Пана үйі қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Неке және отбасы (ерлі-зайыптылық) туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленеді және Пана үйінің қызметін (бұдан әрі - Пана үйі) реттейді. 2. Пана үйі - жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету және бұдан әрі өмірге баулу тәсілімен әлеуметтік көмек беру үшін құрылған білім беру мекемесі. 3. Пана үйі заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкі, өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкте шоты болады және тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердің психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес әзірлейді. ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2018.23.05. № 222 бұйрығымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. Паналар жинақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бір түріне қайта құрылуы мүмкін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|