Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекітілген
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау»
Осы редакция 2013 жылғы 9 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 16/1, 4-қабат мекенжайында орналасқан Ұлттық аккредиттеу орталығы (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) уәкілетті орган болып табылады. Комитеттің мекенжайы: Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 11-ші кіреберіс. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңының 39-бабы 4-тармағының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесінің негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат комитеттің ресми сайтында (www.educontrol.kz.) және орталықтың сайтында (www.nac.edu.kz) орналасқан, телефондар: 8 (7172) 74-24-29, 73-17-43, 73-17-44, 73-17-40 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз жеткізгіште білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлік не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жазбаша түрде жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттары бар жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушылар), сондай-ақ өз қызметкерлерінің құжаттарын тану/нострификациялау рәсіміне ұсынатын заңды тұлғаларға (білім беру ұйымдарына) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі: 1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап — 4 ай; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|