Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау қағидаларын бекіту туралы (2013.21.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 68-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 60 қаулысымен бекітілген
Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау тәртібін айқындайды. 2. Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындауды дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындауға тиісті лицензиясы бар, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер жүзеге асырады. 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) дәрілік препараттарды дайындау - дәріханаларда дәрілік нысандарды дайындаумен, сондай-ақ дәрілік субстанцияларды сатып алумен, дайындалған дәрілік препараттарды сақтаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен және өткізумен байланысты фармацевтикалық қызмет; 2) медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау - дәріханаларда, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкендерінде және оптика дүкендерінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындаумен байланысты фармацевтикалық қызмет; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|