| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль Мемлекетiнің Үкіметі арасындағы
ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 17 наурыздағы № 411 Қаулысымен бекітілді
Бұдан былай «Тараптар» деп аталатын, Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Израиль Мемлекетiнiң Yкіметі, сауда-экономикалық ынтымақтастық екi жақты қарым-қатынастарды тұрақты, әдiлеттi және ұзақ мерзімдi негізде дамытудың маңызды және қажетті факторы болып табылатынын тани отырып, теңдiк және өзара тиiмдiлiк принциптерiмен елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға тiлек бiлдiре отырып, екi Тараптың шаруашылық жүргізушi субъектiлерi арасында өзара байланыстарды дамыту үшiн және өзара мүдделiлiк бiлдiрiлетiн салаларда ынтымақтастықты iлгерi жылжыту үшiн қолайлы жағдай жасауға ұмтыла отырып, Тараптар арасындағы сауда қатынастарын Тарифтер мен сауда жөнiндегі Бас Келісімге (1994 жылғы ГАТТ) және Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымын (ДСҰ) құратын Келісімнiң негізгі принциптерiне сәйкес дамытуға шешiм қабылдап, төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Келісімнiң мақсаты - Тараптар арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың принциптерiн, ережелерiн және тәртібін белгілеу. Тараптар iшкi заңдары мен халықаралық мiндеттемелердiң шеңберiнде коммерциялық және экономикалық ынтымақтастықтың әр түрлi нысандарындағы екi жақты сауда-саттықты көтермелеуге және тәртiпке салып дамытуға мiндеттенедi.
2-бап
а) бажды және алымдарды өндiрiп алудың әдiстерiн қоса алғанда, импортқа немесе экспортқа байланысты салынатын кедендiк баждар мен алымдардың кез келген түріне; б) кедендiк тазалауға, транзитке, қоймада сақтау мен қайта тиеуге қатыстыларды қоса алғанда, импорт пен экспортқа байланысты ережелер мен формальдылықтарға; в) импортталатын тауарларға тiкелей немесе жанама түрде қолданылатын салықтар мен басқа да iшкi алымдардың кез келген түрiне; г) iшкi рынокта импортталатын тауарларды сатуға, сатып алуға, тасымалдауға, бөлуге, сақтауға және пайдалануға; д) тауарлармен сауда жасау кезiндегі төлемдерге қатысты барлық мәселелер бойынша бiр-бiрiне барынша қолайлы жағдай жасау режимiн туғызатын болады. 2. 1-тармақтың ережелерi, әрбiр Тарап: а) шекаралас сауданы жүзеге асыру кезiнде көршiлес елдерге берген немесе беруі мүмкін артықшылықтарға; б) Тараптар мүшелерi болып табылатын немесе болашақта болуы мүмкiн 1994 жылғы ГАТТ-тың XXIV Бабында белгiленгенi сияқты кедендiк одақтарға, еркiн экономикалық аймаққа немесе аймақтық экономикалық ұйымдарға катысу мақсатында; в) елдердiң ГАТТ/ДСҰ-ға сәйкес дамуы үшiн қолданылмайды.
1. Тараптар осы Келісімнiң күшi жүретiн тауарлардың импорты мен экспортына қатысты ұқсас жағдайларда үшiншi елдердiң ұқсас тауарларына қолданылмайтын лицензияларды қоса алғанда, қандай да бiр арнайы шектеудi және талаптарды енгiзбейтiн болады. 2. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың аумағында шығатын немесе соңғысының аумағына экспортталатын өнiмдерге қатысты, атап айтқанда, тауарлар мен қызмет көрсету импортының төлемi үшiн қажеттi валютаны сатып алу мен орналастыруға қатысты сандық шектеулерде, лицензиялар беруде және валюталық реттеуде кемсiтпеу саясатын жүргiзетiн болады.
1. Тараптар шек қойылмайтын транзиттiк принцип осы Келісім мақсаттарына қол жеткiзудің ажырамас шарты болып табылады деп келiстi. 2. Осыған байланысты әрбiр Тарап 1994 жылғы ГАТТ-тың V бабына сәйкес кедендiк аумақтан шығатын немесе екiншi Тараптың кедендiк аумағына арналған тауарлардың өз аумағы арқылы еркiн транзиттiк өтуiн қамтамасыз етуге тиiс.
Тараптардың бiрiнiң аумағында жасалып, екiншi Тараптың аумағына импортталатын тауарларға 1994 жылғы ГАТТ-тың III бабына сәйкес iшкi сатуға, сату ұсыныстарына, сатып алуға, тасымалдауға, бөлуге немесе пайдалануға жататын ішкi салықтарға немесе басқа да iшкi алымдарға, ұлттық заңдарға, реттеуге және талаптарға қатысты осындай тауарларға берiлетiн қолайлы жағдайдан кем емес режим берiлуге тиiс.
Әрбiр Тарап екiншi Тараптың өнiмдер импортын ырықтандырудың жоғары деңгейiне ұмтылатын болады. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың өнiмдер импортын ырықтандырудың мүмкiн-қадарынша жоғары деңгейiн беруге тиiс. Ырықтандыру процесi Тараптар арасындағы сауданы дамытудың, нарықтық жағдайлардың, Қазақстан мен Израильдегі сауда ережелерiнiң өзгеруi, сондай-ақ осы Келісімдi жүзеге асыру барысында қол жеткен прогресс негiзiнде есептелiнуге тиiс.
Тауардың жасалған елi Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес және екi Тарапта қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес белгiленетiн болады.
1. Екi ел арасындағы тауарлармен сауда жасау және қызметтер көрсету кездегі төлемдер, егер сауда субъектiлерiнiң өзгеше уағдаластығы болмаса, еркiн айналыстағы валютамен жүргізiледi. 2. Жеке мәмілелерге қатысатын екi елдiң субъектiлерiне еркiн айналыстағы валютаға рұқсат беру мен оны аударуға қатысты басқа Үшiншi елдерге берiлетiннен кем емес қолайлы режим беріледi.
9-бап
Осы Келісімдегі ешнәрсе де 1994 жылғы ГАТТ-тың VI бабына, ГАТТ-тың VI бабын қолдану туралы келісімге және Жәрдемақы мен өтемақы шаралары туралы келісімге қайшы келетiн демпингке қарсы және өтемақыға қатысты шараларды қолдануға рұқсат бермейдi.
10-бап
1. Тараптардың экономикалық субъектiлерi арасындағы тауар айналымы нарықтық бағаларға сәйкес жүргізiлуге тиiс және Тараптар жеке мәмілелердiң бағаларына араласпауға тиiс. Атап айтқанда, импорт немесе экспорт кезінде мемлекеттік агенттiктер мен мемлекеттік кәсiпорындар бағаға, сапасына және санына қатысты коммерциялық мақсатқа сәйкестілігiне орай бiрыңғай бағдар ұстанатын болады. Тараптардың бiрiнiң кәсiпорны екiншi Тараптың кәсiпорнын тiкелей немесе жанама түрде басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына қатысқан жағдайда немесе белгілi бiр адамдар екi Тараптың кәсiпорнын да тiкелей немесе жанама түрде басқаруға, бақылауға немесе олардың капиталына қатысқан жағдайда олардың арасындағы коммерциялық қатынастардың шарттары екi тәуелсiз кәсiпорын арасындағы сияқты белгiленуге тиiс. 2. Әрбiр Тарап өзiнiң iскерлiк практикасының дәстүрлеріне сәйкес екiншi Тараптың кәсiпорындарына кемсiтпеу режимiн және мәмiлелер мен қоғамдық тендерлерге қатысу бәсекесi үшiн барабар мүмкiндiк жасайды. 3. Тараптардың бiрде бiрi жеке мәмiлелердiң Тараптарына баспа-бас немесе саудаға жатпайтын мәмiлелердi таңдайтын болады және мұндай әрекеттi көтермелемейтiн болады. Қоғамдық қамтамасыз етудегі баспа-бас немесе саудаға жатпайтын мәмiлелер жағдайында әрбiр Тарап екiншi Тараптың өнiм берушiлерiне барынша қолайлы режим мен рұқсат алудың әдiлетті мүмкiндiктерiн беруге тиiс.
11-бап
Ұлттық заңдарға сәйкес Тараптар белгiлi бiр тауарлардан балама тиiмдiлiгi бар баждар мен төлемдерден тыс кеден баждарын өндiрiп алмастан, уақытша импорттауға немесе экспорттауға рұқсат бередi. Атап айтқанда, экспонаттар мен коммерциялық емес маңызы бар жарнама материалдары және уақытша негізде импортталатын көрмелер мен жәрмеңкелердiң басқа да тауарлары, әсiресе халықаралық конвенцияларға сәйкес қайтарым негізiнде халықаралық саудада пайдаланылатын контейнерлер мен орамалар осындай тауарлар болып табылады.
12-бап
1. Тараптар екi жақты сауда ынтымақтастықты, әсiресе сауда жөніндегі заңдар мен процедураларға қатысты ақпаратты, сондай-ақ статистикалық ақпаратты жақсарту мақсатында ақпараттар беруге жәрдемдеседi. - көрменi, жәрмеңкенi, конференцияны, жарнаманы, консалтингтiк және басқа да бизнестiк қызмет көрсетулердi ұйымдастыру мен өткiзудi; - екi Тараптың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi, өндiрушiлер одақтары, сауда өнеркәсiптiк палаталары және басқа да одақтары арасында байланыстарды дамытуды; - бiрлескен экономикалық және өнеркәсiптiк, әсiресе ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсiптiк салаларда, сондай-ақ телекоммуникация, денсаулық сақтау, медициналық жабдықтар, білім беру және қауiпсiздiк секторларындағы ынтымақтастықты дамытуды қоса алғанда, өзара сауданы жақсарту мақсатында шаралар қабылдау арқылы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға келiседi.
1. Тараптар 1994 жылгы ГАТТ-тың «Жекелеген тауарлардың импортына қатысты төтенше шаралар» атты ХIХ бабын басшылыққа алуға келiседi. 2. Тараптар проблеманың қажеттi шешiмiн табу мақсатында отандық ұқсас тауарларды өндiрушiлерге зиян келтiретiн немесе зиян келтiретiндей қауiп төндiретiн, екiншi Тараптың аумағында жасалатын тауарлардың импорты туралы екiншi Тараптың өтiнiшi бойынша шұғыл хабар бередi. 3. Егер Тараптар консультация барысында ақылға қонымды уақыт кезеңi ішiнде уағдаластыққа қол жеткiзбесе, онда алдын ала ескерту немесе зиянның орнын толтыру әдiсiмен импорттаушы Тарап зиянды жою үшiн қажеттi деңгейде және уақытқа шаралар қолдана алады. 4. Зиянды болдырмау және орнын толтыру үшiн қажеттi төтенше iс-қимылдар талап етiлетiн жағдайларда импорттаушы Тарап осындай шаралар қабылданғаннан кейiн кiдiрiссiз консультация өткiзудi ұсыну шартымен алдын ала ескертпестен тиiстi шаралар қолдана алады. 5. Осы бапқа сәйкес шаралар таңдауда Тараптар осы Келісімнiң қолданысын барынша аз бұзуға әкелiп соғатын шараларды қолдануға ұмтылады.
Тараптар осы Келісімдi түсiндiру мен қолдану кезiнде туындайтын барлық даулы мәселелердi келiссөздер жолымен шешуге ұмтылатын болады.
Тараптар өз аумағында басқа елдердiң коммерциялық өкiлдiктерiн ашуға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес рұқсат бередi.
1. Осы Келісімдегі ештеңе де Тараптардың ұлттық мүдделердi, қоғамдық адамгершiлiк пен қоғамдық тәртiптi, адамдардың өмiрi мен денсаулығын, хайуанаттар мен өсiмдiктердi қорғауды, мәдени, тарихи және археологиялық маңызы бар ұлттық байлықты қорғауды және 1994 жылғы ГАТТ-тың ХХ бабына қатысты басқа да кез келген шараларды көздейтiн шаралар қолдануына кедергi болмайды. Мұндай шаралар өз бетiнше және әдiлетсiз кемсiту немесе Тараптар арасындағы сауданы жасырын шектеу нысанында болмауға тиiс. 2. Осы Келісім әрбiр Тараптың 1994 жылғы ГАТТ-тың ХХI бабындағы себептер бойынша ақталатын iс-қимылдар қолдану құқықтарын шектемейдi.
1. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшiн интеллектуалдық меншiктiң маңыздылығын назарға ала отырып, атап айтқанда, авторлық және аралас құқықтарды, сауда белгiлерiн, географиялық индикаторларды, патенттердi, сондай-ақ жаңалық ашу, өнеркәсiптiк әзiрлеме, жабық ақпарат және ноу-хау саласында кемсiтпеу саясатын жеткiлiктi және тиiмдi қорғауды қоса алғанда, интеллектуалдық меншiк құқықтарын толық және тиiмдi қорғауға Тараптардың iшкi заңдары кепiлдiк бередi. 2. Тараптар, атап айтқанда, ДСҰ-ның интеллектуалдық меншiк аспектiлерiне жататын сауда-саттық жөнiндегі құқықтары бойынша 1994 жылғы 15 сәуiрдегі келісімнiң ережелерін орындау жөнiнде шаралар қолданатын болады. 3. Тараптар одан әрi интеллектуалдық меншiк құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық конвенцияларға қосылуға ұмтылатын болады.
1. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың өтiнiшi бойынша стандарттар саласына байланысты шаралар жөнiнде ақпарат бередi. 2. Тараптар стандарттардың сапасын қоса алғанда, сауда-саттықтағы кедергілердi қысқарту мақсатында стандарттар саласында ынтымақтасатын болады.
1. Осы Келісімнiң ережелерiн орындау үшiн Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегі Бiрлескен комитет құруға уағдаласты. Комитет Тараптардың бiрiнiң тiлегі негізiнде екi мемлекеттiң астаналарында алма-кезек мәжіліс өткiзетiн болады. Мұндай кездесулердiң уақытысын екi Тарап бiрлесiп шешедi. а) осы Келісімдi қолдануды және оның ережелерiнiң орындалуына жәрдемдесетiн шараларды зерттейдi; б) елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды және кеңейтудi зерттейдi; в) өзара тиiмдi негізде өнеркәсiптiк және инвестициялық ынтымақтастық пен осындай ынтымақтастық үшiн жаңа салаларды белгілеудi қоса алғанда, сауда-экономикалық қатынастарды ұлғайту және саралау мүмкiндiктерiн зерттейдi; г) екi ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту барысында туындайтын проблемаларды талқылайды; д) ынтымақтастықты одан әрi дамытуда осы Келісімге түзетулер енгізу үшiн Тараптардың талаптарына бағынады. 3. Комитет өзара келісім негізiнде жоғарыда аталған проблемаларға қатысты Тараптарға ұсыныстар жасайды.
Келісім осы Келісімнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекеттік iшкi рәсiмдердiң аяқталғандығы туралы Тараптардың бiрi екiншiсiне дипломатиялық арналар бойынша хабарлап, соңғы нота жiберiлген күннен кейiнгі келесi айдың бiрiншi күнi күшiне енедi. Осы Келісім Тараптардың бiрi екiншi Тарапты Келісімнiң күшiн тоқтату ниетi туралы дипломатиялық арналар бойынша жазбаша түрде хабарлағанға дейiн күшiнде болады. Мұндай жағдайда әлгiндей ниетi туралы хабарлаған нота алынған күннен бастап 6 ай өткеннен кейiн Келісім өзiнiң күшiн жояды. Осы Келісімнiң күшi тоқтатылған жағдайда, оның ережелерi осы Келісімге сәйкес жасалған барлық келісім-шарттардағы Келісім күшiнiң мерзiмi тоқтатылған сәтке қарай орындалмаған және оның қолданыстағы кезеңiнде туындаған мiндеттемелерге қолданылатын болады.
Алматыда 1998 жылғы 29 маусымда, мұның өзi 5758 жылғы 4 тамуз сәйкес келедi, екi түпнұсқа дана болып, әрқайсысы қазақ, иврит, ағылшын және орыс тiлдерiнде жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келісімнiң ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтығы туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтінге басымдылық берiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |