Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының стационарлық көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiн бекіту туралы (2013.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 9 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 655 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Автомобиль көлiгі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 655 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерiнiң және Қазақстан Республикасының стационарлық көліктік бақылау посттарының тiзбесi бекiтілсiн. 2. «Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттік бақылау жүйесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегі № 1358 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 38-39, 451-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1-тармақтың 3) тармақшасында: «бiрлескен бақылау-өткізу бекеттерiн» деген сөздер «посттарын» деген сөзбен ауыстырылсын; «мен Iшкi iстер министрлігінiң Жол полициясы департаментiнiң» деген сөздер алынып тасталсын. 3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы автомобильдік өткізу бекеттерiнің тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы № 1556 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы № 1556 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қарашадағы № 1251 қаулысы. 4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткізу пункттерiнiң тiзбесi туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен мүдделi шетел мемлекеттерi өкiлдiктерінің назарына жеткiзсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысымен бекiтілген
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 655 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының стационарлық көлiктiк бақылау посттарының тiзбесi
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 23 желтоқсандағы № 1275 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 655 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.24.08. № 1082 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (құпия) 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері: көп жақты қатынас үшін ашық:
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері: көп жақты қатынас үшін ашық:
екі жақты қатынас үшін ашық:
Құпия. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік халықаралық өткізу пункттері: көп жақты қатынас үшін ашық:
екі жақты қатынас үшін ашық:
Қазақстан Республикасының Түрікменстанмен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері: көп жақты қатынас үшін ашық:
ҚР Үкіметінің 2006.11.07. № 652 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара ); ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 655 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.05.11. № 1164 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.19.03. № 258 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттары.
|