Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаменті: осы бұйрықты облыс, Астана және Алматы қалаларының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының назарына жеткізсін; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Г. А. Ділімбетоваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығымен Бекітілген
Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды. 2. Осы Үлгі ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар: уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қалалық, астаналық, аудандық (облыстық, аудандық маңызы бар қалалық) атқарушы орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|