|
|
|
Түркiсой құрылымы мен оның жұмыс iстеу қағидаттары туралы
ҚР Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 мамырдағы № 737 Қаулысымен бекітілді
Осы Шартқа қатысушы елдер - Әзiрбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркменстан, Түркия Республикасы және Өзбекстан Республикасы, бұдан әрi Тараптар деп аталады: - түркi тiлдес елдер мен халықтар арасындағы жақсы өзара түсiнушiлiк әр тарапты мәдени байланыстарды одан әрi жақындастыру мен нығайту, болашақ ұрпақты ұлттық мәдениеттiң қайнар көзiне тарту мақсатында; - түркi және көне түркi халықтары мәдениетiнiң жалпы адамзаттың өркениеттiң қалыптасуына қосқан айрықша маңызын, түркi халықтары мәдениетi мен өнерiн сақтау, түлету және одан әрi дамыту қажеттiгiн ескере отырып; - мәдениет саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдердi назарда ұстай отырып, мына төмендегiлер жайында уағдаласты:
«Тараптар» түркi тiлдес елдерi Мәдениет министрлерi Кеңесi Стамбул қаласында (1992 ж. 19-20 маусымда) және Баку қаласында (1992 ж. 30 қараша - 2 желтоқсанда) әзiрлеген шешiмдер мен құжаттарды негiзге ала отырып, бұдан әрi «ТҮРКIСОЙ» деп аталатын мәдени ынтымақтастықтың халықаралық ұйымын құрды.
ТҮРКIСОЙ өз қызметiн түркi тiлдес елдер Мәдениет министрлерi Кеңесi бекiткен жобалар мен бағдарламалар негiзiнде жүзеге асырады, оны ТҮРКIСОЙ Үйлестiрушiсi басқарады. ТҮРКIСОЙ Үйлестiрушiсi қатысушы елдер Мәдениет министрлерi арасынан 6 ай мерзiмге сайланады. Кемiнде екi қатысушы елдiң ұсынуы бойынша Үйлестiрушi Мәдениет министрлерi Кеңесiнiң кезектен тыс мәжілісiн шақырады.
Түркi тiлдес елдер Мәдениет министрлерiнiң Кеңесi көпшiлiк дауыспен ТҮРКIСОЙ Бас директорын тағайындайды, ол жұмыс органының дербес құрамын айқындайды және оның практикалық қызметiн ұйымдастырады.
Әрбiр қатысушы ел ТҮРКIСОЙ құрамына бiр тұрақты өкiлiн жiбередi, оны сол елдiң Мәдениет министрi тағайындайды.
ТҮРКIСОЙ қызметiне байланысты мәселелер шешiмi түркi тiлдес елдер Мәдениет министрлерi Кеңесi мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.
ТҮРКIСОЙ штаб-пәтерi Анкара қаласында орналасқан.
ТҮРКIСОЙ қызметiн жүзеге асыру үшiн Қор құрылады, оған үлестiк қатысу мөлшерiн Мәдениет министрлерiнiң Кеңесi айқындайды және ол жыл сайын жаңа Хаттамамен ресiмделiп отырады. ТҮРКIСОЙ қаржыландырудың қосымша көздерiн құру мақсатында Қор халықаралық құқық нормаларға қайшы келмейтiн кез-келген қызмет пен бастамаларды жүзеге асырады.
Шарт әрбiр қатысушы елдiң заңдарына сәйкес бекітілгеннен кейiн және депозитарий ел - Түркия хабарланған кезден бастап күшiне енедi.
Алматы қаласында 1993 жылғы 12 шiлдеде әзiрбайжан, қазақ, қырғыз, түрiк, түрiкмен және өзбек тiлдерiнде алты дана етiп жасалады, олардың әрқайсысының күшi бiрдей.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |