«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 4 мамырдағы № 06-7/63 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 146 бұйрығымен күші жойылды
ҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 4 мамырдағы № 06-7/63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8484 тіркелген, 2013 жылғы 12 маусымдағы № 146 (28085) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) келесі өзерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларында: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Көрсетілетін қызметті берушілердің - орталық мемлекеттік органдардың қызметіне тексеру Агенттіктің қызметкерлерімен, орталық мемлекеттік органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің қызметіне - Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерімен, сондай-ақ Агенттік басшылығының тапсырмасы бойынша Агенттіктің қызметкерлерімен өз құзыреті шегінде жүргізіледі. Тексеру Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің бірінші басшылығының немесе олардың міндетін атқаратын адамдардың тексеруді тағайындау туралы бұйрығы негізінде жүргізіледі.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|